https://sputnik.kz/20240205/smayylov-ukimettin-otstavkaga-ketuine-qatysty-pikir-bildirdi-42070385.html
Смайылов үкіметтің отставкаға кетуіне қатысты пікір білдірді
Смайылов үкіметтің отставкаға кетуіне қатысты пікір білдірді
Sputnik Қазақстан
Ол үкімет осы реформаларды іске асыру және еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін қызмет еткенін атап өтті 05.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-05T19:22+0500
2024-02-05T19:22+0500
2024-02-05T19:35+0500
әлихан смайылов
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/0c/40857182_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_7c4065fa356ce3f914472979068d7a0c.jpg
АСТАНА, 5 ақпан – Sputnik. Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Әлихан Смайылов үкіметтің отставкаға кетуіне қатысты пікір білдіріп, өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жазба жариялады. Ол үкімет осы реформаларды іске асыру және еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін қызмет еткенін атап өтті."Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен жұмысының арқасында бірқатар нәтижеге қол жеткізілді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша экономиканың өсуі 5,1%-ті құрады. Барлық негізгі секторлар оң даму динамикасын көрсетті. Инфляция екі есеге төмендетілді. Елімізге тартылған тікелей шетелдік инвестициялар көлемі екі жыл қатарынан соңғы онжылдықтағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі болды. Оның жылдық көлемі 26-28 млрд долларды құрады", - деп Смайылов үкіметтің атқарған жұмысына тоқталып өтті.Экс-премьер атап өткендей, ұлттық қордың активтері былтыр 4 млрд долларға өсіп, 60 млрд доллардан асты. Рейтингтік агенттіктер ұлттық экономиканың тәуелсіз рейтингі мен инвестициялық сенімділігін растады."Үкіметтегі барлық әріптесіме, сондай-ақ депутаттық корпусқа бірлескен және нәтижелі жұмыс үшін шын жүректен ризашылығымды білдіремін. Сонымен қатар еліміздің дамуына адал еңбегімен үлес қосып жүрген әрбір қазақстандыққа алғыс айтамын”, - деп сөзін аяқтады Смайылов.Еске сала кетейік, бүгін мемлекет басшысы Қазақстан үкіметін отставкаға жіберді. Роман Скляр премьер-министрдің уақытша міндетін атқарушы болды.Айта кетер, 7 ақпан күні Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді.Жиында еліміздің 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалады.
https://sputnik.kz/20240205/toqaev-qazaqstan-ukimetin-taratty-42057666.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/0c/40857182_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_670ce6aabefb82b68bfda6303f54683e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әлихан смайылов
Смайылов үкіметтің отставкаға кетуіне қатысты пікір білдірді
19:22 05.02.2024 (жаңартылды: 19:35 05.02.2024) Ол үкімет осы реформаларды іске асыру және еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін қызмет еткенін атап өтті
АСТАНА, 5 ақпан – Sputnik. Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Әлихан Смайылов үкіметтің отставкаға кетуіне қатысты пікір білдіріп, өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жазба жариялады.
"Ең алдымен, Тоқаевқа сындарлы уақытта Қазақстан үкіметін басқаруға сенім білдіргені үшін зор алғысымды білдіремін. Өткен екі жыл қоғам үшін шешуші кезең болды. Мемлекет басшысы жаңа Әділетті Қазақстанды құруға бағытталған аса маңызды саяси және экономикалық реформаларға бастамашылық жасады", - деп жазды Смайылов.
Ол үкімет осы реформаларды іске асыру және еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін қызмет еткенін атап өтті.
"Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен жұмысының арқасында бірқатар нәтижеге қол жеткізілді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша экономиканың өсуі 5,1%-ті құрады. Барлық негізгі секторлар оң даму динамикасын көрсетті. Инфляция екі есеге төмендетілді. Елімізге тартылған тікелей шетелдік инвестициялар көлемі екі жыл қатарынан соңғы онжылдықтағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі болды. Оның жылдық көлемі 26-28 млрд долларды құрады", - деп Смайылов үкіметтің атқарған жұмысына тоқталып өтті.
Экс-премьер атап өткендей, ұлттық қордың активтері былтыр 4 млрд долларға өсіп, 60 млрд доллардан асты. Рейтингтік агенттіктер ұлттық экономиканың тәуелсіз рейтингі мен инвестициялық сенімділігін растады.
"Үкіметтегі барлық әріптесіме, сондай-ақ депутаттық корпусқа бірлескен және нәтижелі жұмыс үшін шын жүректен ризашылығымды білдіремін. Сонымен қатар еліміздің дамуына адал еңбегімен үлес қосып жүрген әрбір қазақстандыққа алғыс айтамын”, - деп сөзін аяқтады Смайылов.
Еске сала кетейік, бүгін мемлекет басшысы Қазақстан үкіметін отставкаға жіберді. Роман Скляр премьер-министрдің уақытша міндетін атқарушы болды.
Айта кетер, 7 ақпан күні Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді.
Жиында еліміздің 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалады.