Қазақстандық теннисші Александр Бублик ATP турнирін төртінші рет жеңді

Александр Бублик  - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.02.2024
Жазылу
Осы жеңісінің арқасында Бублик ATP әлемдік рейтингінде 23-орынға көтерілді
АСТАНА, 5 ақпан – Sputnik. Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Францияның Монпелье қаласында өткен ATP 250 сериясы турнирінде жеңіске жетті.
Финалда қазақстандық спортшы АТР рейтингінде 27-орында тұрған хорватиялық Борна Чоричті 5:7, 6:2, 6:3 есебімен жеңді. Матч 2 сағат 18 минутқа созылды.
Бұл 26 жастағы Бубликтің Монпельедегі екінші жеңісі, 2022 жылы қазақстандық дәл осы қалада ATP турнирінде өзінің алғашқы титулын жеңіп алған болатын. Александрдың қоржынында барлығы төрт ATP титулы бар.
Осы жеңісінің арқасында Бублик ATP әлемдік рейтингінде 23-орынға көтерілді.
Анна Данилина - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.01.2024
Қазақстандық теннисші Анна Данилина жұптық разрядта өзінің бесінші WTA титулын жеңіп алды
Жаңалықтар
0