https://sputnik.kz/20240205/qazaqstanda-densaulyqqa-qasaqana-zhenil-ziyan-keltirgender-qatan-zhazalanady-42061858.html
Қазақстанда денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргендер қатаң жазаланады
Қазақстанда денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргендер қатаң жазаланады
Sputnik Қазақстан
Ұрып-соққаны үшін 80 АЕК (2024 жылда – 295 360 теңге) айыппұл не 80 сағатқа қоғамдық жұмысқа тарту немесе 25 тәулікке дейін қамауға алу көзделген 05.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-05T16:34+0500
2024-02-05T16:34+0500
2024-02-05T16:34+0500
қылмыс
ауыр қылмыс
https://sputnik.kz/img/1260/21/12602161_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_24ee14486755c28328874014ac694328.jpg
АСТАНА, 5 ақпан – Sputnik. Мәжілісте тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелеріне арналған заң жобасы таныстырылды. Соның аясында адамды ұрып-соққаны үшін жазаны қатаңдату жоспарланып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Заң жобасына сәйкес, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру сияқты әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған:Қазіргі кезде осы тәртіп бұзушылықтар үшін әкімшілік жаза қарастырылған. Атап айтқанда, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін 15 АЕК (2024 жылда – 55 380 теңге) немесе 15 тәулікке дейін қамауға алу, ал ұрып-соққаны үшін 10 АЕК (2024 жылда – 36 920 теңге) немесе 10 тәулікке дейін қамауға алады.Бұдан бөлек, депутаттар әзірлеген заң жобасында денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін бас бостандығынан шектеуді алып тастап, 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қалдыру ұсынылып отыр. Сол сияқты денсаулыққа орташа зиян келтіргені үшін 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын ғана қалдыруы мүмкін. Ал азаптау үшін жазаның мерзімі 3 жылға дейін артады. Айыппұл мен бас бостандығын шектеу болмайды. Бірақ 600 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстар қалады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1260/21/12602161_250:0:1750:1125_1920x0_80_0_0_ab59846e2bcb958e974467eaf768be74.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қылмыс, ауыр қылмыс
Қазақстанда денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргендер қатаң жазаланады
Ұрып-соққаны үшін 80 АЕК (2024 жылда – 295 360 теңге) айыппұл не 80 сағатқа қоғамдық жұмысқа тарту немесе 25 тәулікке дейін қамауға алу көзделген
АСТАНА, 5 ақпан – Sputnik. Мәжілісте тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелеріне арналған заң жобасы таныстырылды. Соның аясында адамды ұрып-соққаны үшін жазаны қатаңдату жоспарланып отыр, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Заң жобасына сәйкес, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру сияқты әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған:
денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін 200 АЕК (2024 жылда - 738 400 мың теңге) айыппұл не 200 сағатқа қоғамдық жұмысқа тарту немесе 50 тәулікке дейін қамауға алу;
ұрып-соққаны үшін 80 АЕК (2024 жылда – 295 360 теңге) айыппұл не 80 сағатқа қоғамдық жұмысқа тарту немесе 25 тәулікке дейін қамауға алу;
Қазіргі кезде осы тәртіп бұзушылықтар үшін әкімшілік жаза қарастырылған. Атап айтқанда, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін 15 АЕК (2024 жылда – 55 380 теңге) немесе 15 тәулікке дейін қамауға алу, ал ұрып-соққаны үшін 10 АЕК (2024 жылда – 36 920 теңге) немесе 10 тәулікке дейін қамауға алады.
Бұдан бөлек, депутаттар әзірлеген заң жобасында денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін бас бостандығынан шектеуді алып тастап, 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қалдыру ұсынылып отыр. Сол сияқты денсаулыққа орташа зиян келтіргені үшін 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын ғана қалдыруы мүмкін. Ал азаптау үшін жазаның мерзімі 3 жылға дейін артады. Айыппұл мен бас бостандығын шектеу болмайды. Бірақ 600 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстар қалады.