Қазақстан Транскаспий бағыты бойынша мұнай жеткізуді 3 млн тоннаға дейін арттырады

© Sputnik / Всеволод Тарасевич / Медиабанкке өтуНефтеперекачивающая станция, архивное фото
Нефтеперекачивающая станция, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.02.2024
Жазылу
Каспий құбыр консорциумы құбырының қазақстандық учаскесінің өткізу қабілеті жылына 54-тен 72,5 миллион тоннаға дейін ұлғайтылды
АСТАНА, 5 ақпан – Sputnik. Қазақстанда мұнай саласында Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған кен орындарын кеңейтуге бағытталған ірі жобаларды іске асыру жалғасуда, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Каспий құбыр консорциумы құбырының қазақстандық учаскесінің өткізу мүмкіндігі жылына 54-тен 72,5 миллион тоннаға дейін ұлғайтылды. Бұл ретте Транскаспий бағыты бойынша мұнайдың алғашқы жеткізілімдері жүргізілді, олар 2 жыл ішінде 3 млн тоннаға дейін арттырылатын болады.
"Сонымен қатар Шымкент мұнай өңдеу зауытын кеңейту бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп келеді. Нәтижесінде оның қуаттылығы жылына 6 млн тоннадан 12 млн тоннаға дейін артып, ішкі нарықтағы жанар-жағармай қажеттілігін толық қамтамасыз етеді", - деп жазылған хабарламада.
Газ өндіру саласында жаңа кен орындары іске қосылуда. Өндірілетін қоры 31 млрд текше метрден астам газды құрайтын "Рожковское", "Оңтүстік Ақсай" және "Анабай" кен орындарында газ өндіру басталды. Орта мерзімді перспективада өндірілетін қоры 69 миллиард текше метр газ болатын "Орталық Өріктау", "Батыс Прорва" және "Қаламқас" газ кен орындарын іске қосу күтілуде.
Сонымен қатар Қашаған мен Қарашығанақта, сондай-ақ Жаңаөзенде жаңа газ өңдеу зауыттарын салу бойынша жұмыстар жүргізіліп келеді. "Сарыарқа" газ құбырының 2-ші және 3-ші кезегі, "Ақтөбе-Қостанай" газ құбыры және "Бейнеу-Бозой-Шымкент" газ құбырының 2-ші желісі жоспарланған.
Биыл мұнай-газ химиясын дамыту үшін жалпы құны 1 миллиард долларды құрайтын Бутадиен жобасының құрылысы басталады. Бұл ретте Атырау және Ақтөбе облыстарында 13,7 миллиард доллар сомасына полиэтилен, полиэтилентерефталат және карбамид өндіру бойынша басқа да ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жалғасып келеді.
Жаңалықтар
0