Қазақстан темір кені концентраты өндірісін үш есеге арттыруы мүмкін

Qarmet - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.02.2024
Жазылу
Ол үшін Ұлытау облысындағы шахтаны қайта іске қосып, өндірісті жаңғырту қажет
АСТАНА, 5 ақпан – Sputnik. Қазақстан темір кені концентраты өндірісін үш есеге арттыруы мүмкін. Бұл туралы Qarmet басшылығымен кездесуде Қаражал қаласындағы "Өркен-Атасу" өкілдігінің директоры Маратбек Бәкенов айтты, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Атасу кен орнында темір және темір-марганец кендерінің қоры бар. 2024 жылы кәсіпорын 800 мың тоннаға жуық темір кені концентратын жөнелтуді жоспарлап отыр, деп атап өтті Qarmet.
Өркен-Атасу өкілдігінің директоры Маратбек Бәкеновтің айтуынша, келешекте дұрыс есептеулер жүргізілетін болса, жылына 2,5 млн тонна, яғни қазіргіден үш есе көп концентрат шығару мүмкіндігі бар.
Ол бүгінде кен орнында 1100 адам жұмыс істейтінін, оның 540-ы кеншілер екенін атап өтті.
"Жалпы алғанда, шахтада тиісті өндіріс немесе байыту ісі әлі жүргізілген жоқ. Яғни, кен орнының әлеуеті толық іске асырылмады", - деді Бакенов.
Кәсіпорын басшысы ауыр жұмыстар қолмен жасалатынын айтты.
"Ал егер жұмыс өнімділігін арттыруға қажетті жаңғыртулар жасайтын болсақ, біз алдағы онжылдықтар бойы комбинатқа жеткізілім көлемін арттыра алар едік", - деп түйіндеді ол.
Qarmet компаниясының инвесторы Андрей Лаврентьев қаражалдықтардың қазіргі жұмыс формасымен танысу үшін 400 метр тереңдікке түсті. Сонымен қатар оған бұрын тоқтап тұрған екінші шахтаның өнім өндіре бастаған сәті көрсетілді.
"Кеншілердің жұмысы ауыр, бірақ біз оны жеңілдетуге міндеттіміз. Технология бұған мүмкіндік береді", - деді Лаврентьев.
Инвестор процестерді автоматтандыру жұмыс орындарының қысқаруына әкелмейтінін еске салды.
"Өйткені Атасуға қатысты үлкен жоспарлар тұр. Бұл кеніш біздің басым бағыттағы инвестициялық жобаларымыздың бірі болмақ", - деді ол.
Лаврентьев жақын арада жұмысы тоқтап тұрған шахталардың жағдайын зерттеп-зерделу жұмыстарын бастауды тапсырды.
Жаңалықтар
0