https://sputnik.kz/20240205/mayqayyndagy-apat-izdestiru-qutqaru-zhumystary-toqtatyldy-42056843.html
Майқайыңдағы апат: іздестіру-құтқару жұмыстары тоқтатылды
Майқайыңдағы апат: іздестіру-құтқару жұмыстары тоқтатылды
Sputnik Қазақстан
Құлау қаупі өте жоғары 05.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-05T14:29+0500
2024-02-05T14:29+0500
2024-02-05T14:30+0500
павлодар облысы
https://sputnik.kz/img/07e8/01/0f/41590548_0:352:1024:928_1920x0_80_0_0_032f0752a44d9d39b60ff1f1104930ae.jpg
АСТАНА, 5 ақпан– Sputnik. Жұмысшылар мінген автобус құлап кеткен "Майқайыңалтын" АҚ аумағында іздестіру-құтқару жұмыстары тоқтатылды, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар депаратменті.Осы учаскеде қандай да бір тау-кен, іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу құтқарушыларға үлкен қауіп тудырады.Апатты жою басшысының орынбасары – кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің Павлодар филиалы директорының орынбасары Еран Жарқымбеков құтқарушылар мен экскаватор машинистерінің өміріне қауіп төнгендіктен жұмыстарды тоқтата тұру туралы шешім қабылдады."Майқайың алтын" АҚ басшылығы және кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабының филиалы жүргізіліп жатқан іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастыру немесе толық тоқтата тұру туралы қорытындыға қол жеткізу үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік, тау-кен, геологиялық жұмыстар саласындағы сарапшыларды тартуға уәде береді.Қазіргі уақытта Павлодар облысы ТЖД барлық күштері мен құралдары жұмыс жүргізіліп жатқан жерде.Еске салайық, Майқайың кеніші шахтасының маңында төрт жолаушысы бар автобус тазарту кеңістігіне құлап кеткен. Апат кезінде онда төрт адам болған. Дәл сол күні екеуінің денесі табылды. Майқайың шұңқырына құлаған тағы екі адам әлі табылған жоқ.
павлодар облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/01/0f/41590548_0:256:1024:1024_1920x0_80_0_0_e1f8018082a52a0edb0617b9ba81cca3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
павлодар облысы
АСТАНА, 5 ақпан– Sputnik. Жұмысшылар мінген автобус құлап кеткен "Майқайыңалтын" АҚ аумағында іздестіру-құтқару жұмыстары тоқтатылды, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар депаратменті.
"GRP-RIDDER-GROUP" ЖШС жүргізген зерттеу қорытындыларына сәйкес, опырылған аймақта топырақ құрылымы өзгеріп, тығыздық әлсірегені анықталды. Жүргізілетін жұмыстардың орнына да, астында да қуыстар бар. Құлау қаупі өте жоғары, - делінген департамент хабарламасында.
Осы учаскеде қандай да бір тау-кен, іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу құтқарушыларға үлкен қауіп тудырады.
Апатты жою басшысының орынбасары – кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің Павлодар филиалы директорының орынбасары Еран Жарқымбеков құтқарушылар мен экскаватор машинистерінің өміріне қауіп төнгендіктен жұмыстарды тоқтата тұру туралы шешім қабылдады.
"Майқайың алтын" АҚ басшылығы және кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабының филиалы жүргізіліп жатқан іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастыру немесе толық тоқтата тұру туралы қорытындыға қол жеткізу үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік, тау-кен, геологиялық жұмыстар саласындағы сарапшыларды тартуға уәде береді.
Қазіргі уақытта Павлодар облысы ТЖД барлық күштері мен құралдары жұмыс жүргізіліп жатқан жерде.
Еске салайық, Майқайың кеніші шахтасының маңында төрт жолаушысы бар автобус тазарту кеңістігіне құлап кеткен. Апат кезінде онда төрт адам болған. Дәл сол күні екеуінің денесі табылды. Майқайың шұңқырына құлаған тағы екі адам әлі табылған жоқ.