https://sputnik.kz/20240205/elimizde-deputattar-pedofilderge-khirurgiyalyq-kastratsiya-engizudi-usyndy-42064920.html
Елімізде депутаттар педофилдерге хирургиялық кастрация енгізуді ұсынды
Елімізде депутаттар педофилдерге хирургиялық кастрация енгізуді ұсынды
Sputnik Қазақстан
Енді оларға тек химиялық кастрацияға үкім шығады 05.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-05T19:54+0500
2024-02-05T19:54+0500
2024-02-05T19:54+0500
педофил
жаза
https://sputnik.kz/img/07e7/07/0e/36793266_0:98:2505:1507_1920x0_80_0_0_89052095dcd46bf5cf52ef4033367f5c.jpg
АЛМАТЫ, 5 ақпан - Sputnik. Қазақстандық парламент депутаттары педофилдерге жаза ретінде хирургиялық кастрация енгізуді ұсынады, деп мәлімдеді мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев.Бейсенбаевтың айтуынша, бұл ұсыныс бұрын да айтылғанымен, үкімет оны қолдамаған.Педофилдер үшін жаза күшейтіледі. Енді олар өмір бойына бас бостандығынан айырылады. Бірақ сотталушының біраз уақыттан кейін бостандыққа шықпайтынына кепілдік жоқ, өйткені олар жаңа заңдар қабылдай алады, деп түсіндірді депутат.ІІМ басшысының орынбасары Игорь Лепеха бұл ұсынысты қолдауға дайын екенін айтты.Бұрын әйелдер мен балаларды қорғау туралы заңға осы санаттарға қарсы қылмыстар үшін жазаны күшейтетін өзгерістер енгізілгені хабарланған.Сонымен қатар, мәжілісмендер:
https://sputnik.kz/20240205/5-zhylga-sottaydy-suitsidti-nasikhattagandarga-qylmystyq-zhauapkershilik-engiziledi-----42057216.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/07/0e/36793266_77:284:2428:2048_1920x0_80_0_0_a30d6c61c6ad01d4d8bea0ee933636c1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
педофил, жаза
Елімізде депутаттар педофилдерге хирургиялық кастрация енгізуді ұсынды
Енді оларға тек химиялық кастрацияға үкім шығады
АЛМАТЫ, 5 ақпан - Sputnik. Қазақстандық парламент депутаттары педофилдерге жаза ретінде хирургиялық кастрация енгізуді ұсынады, деп мәлімдеді мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев.
Бейсенбаевтың айтуынша, бұл ұсыныс бұрын да айтылғанымен, үкімет оны қолдамаған.
Педофилдер үшін жаза күшейтіледі. Енді олар өмір бойына бас бостандығынан айырылады. Бірақ сотталушының біраз уақыттан кейін бостандыққа шықпайтынына кепілдік жоқ, өйткені олар жаңа заңдар қабылдай алады, деп түсіндірді депутат.
"Біз олардың құқықтарына қол сұғамыз-мыс, педофилдер де адамдар. Менің ойымша, олар адам емес", - деді Бейсенбаев.
ІІМ басшысының орынбасары Игорь Лепеха бұл ұсынысты қолдауға дайын екенін айтты.
Бұрын әйелдер мен балаларды қорғау туралы заңға осы санаттарға қарсы қылмыстар үшін жазаны күшейтетін өзгерістер енгізілгені хабарланған.
Сонымен қатар, мәжілісмендер:
отбасында зорлық-зомбылық жасаған адамдардың агрессивті мінез-құлқын өзгерту үшін сотқа психологиялық көмек көрсетуді міндеттеу,
педофилдер үшін өмір бойына бас бостандығынан айыруға қол жеткізу,
өз-өзіне қол жұмсауды насихаттағаны немесе суицидке жеткізгені үшін қылмыстық жауапқа тарту,
алдын ала ескертусіз балаларға арналған ұйымдарда тексерулер ұйымдастыру сияқты заңға өзгерістер енгізуге ниетті.