Ауа райына байланысты 16 учаскеде жол жабылды

© Sputnik / Абзал КалиевАпрельский снегопад в Астане
Апрельский снегопад в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.02.2024
Жазылу
Қазіргі уақытта республикалық жолдарда 673 техника және 1285 адам жұмыс істеп жатыр
АСТАНА, 5 ақпан – Sputnik. "ҚазАвтоЖол" жолдардың жабылуы туралы мәліметті жаңартты. Қазіргі уақытта ауа райының қолайсыздығына байланысты 6 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 16 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Ақмола облысында – 4 учаске

"Екатеринбург-Алматы" тасжолының 856-917 шақырымы, СҚО шекарасынан - Жақсы ауылына дейінгі аралық – 61 шақырым.
"Жезқазған-Петропавл" автожолының 553-595 шақырымы, Сұрған кентінен - СҚО шекарасына дейін – 42 шақырым. Шектеу автокөліктің барлық түрлері үшін қолданылады (Солтүстік Қазақстан облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты).
"Щучинск-Зеренді" тасжолының 0-77 шақырымы,, Щучье қаласынан - Зеренді ауылына дейін – 77 шақырым.
"Астана-Петропавл" автожолының 18-232 шақырымы, Астана қаласынан – Щучье қаласына дейін – 214 шақырым. Шектеу автокөліктің барлық түрі үшін қолданылады (қар, бұрқасын, шектеулі көрініс).

Ақтөбе облысында – 2 учаске

"Самара-Шымкент" тасжолының 776-842 шақырымы, ЭКО Ойл жанармай құю станциясынан – Хромтау қаласына дейін – 66 шақырым. Шектеу автокөліктің барлық түрлері үшін қолданылады.
"Самара-Шымкент" автожолының 842-965 шақырымы, Хромтау қаласынан – Қарабұтақ кентіне дейін – 123 шақырым. Шектеу жүк және қоғамдық көлік түрлеріне енгізілді (қар, бұрқасын, шектеулі көрініс).

Жетісу облысында – 1 учаске

"Үшарал-Достық" тасжолының 84-184 шақырымы, Көктұма станциясынан – Достық станциясына дейінгі аралық – 100 шақырым. Шектеу автокөліктің барлық түрлері үшін қолданылады (жел, бұрқасын, шектеулі көрініс).

Қостанай облысында – 4 учаске

"Жезқазған-Петропавл" автожолының 252-335 шақырымы, Ұлытау облысының шекарасынан – Арқалық қаласына дейін – 83 шақырым. (Ұлытау облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты).
"Екатеринбург-Алматы" тасжолының 686-729 шақырымы, Сарыкөл кентінен – СҚО шекарасына дейін – 43 шақырымы. Шектеу автокөліктің барлық түрлері үшін қолданылады (қар, жел, бұрқасын, шектеулі көрініс).
"Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" автожолының 108-218 шақырымы, Әулиекөл кентінен – Октябрьское ауылына дейін – 110 шақырым.
"Екатеринбург-Алматы" тасжолының 589-686 шақырымы, Щербаково кентінен – Сарыкөл кентіне дейін – 97 шақырым. Шектеу жүк және қоғамдық көлік түрлеріне енгізілді (қар, бұрқасын, шектеулі көрініс).

Солтүстік Қазақстан облысында – 4 учаске

"Екатеринбург-Алматы" тасжолының 729-856 шақырымы, Қостанай облысының шекарасынан – Ақмола облысының шекарасына дейінгі аралық – 127 шақырым.
"Жезқазған-Петропавл" автожолының 595-882 шақырымы, Ақмола облысының шекарасынан – Явленка ауылына дейін – 287 шақырымы.
"Волошинка-Сергеевка-Тимирязево" тасжолының 0-119 шақырымы, Волошинка ауылынан – Тимирязево ауылына дейін – 119 шақырым.
"Тимирязево-Сарыколь-облыстың шекарасына дейін" 0-31 шақырымы, Тимирязево ауылынан – облыстың шекарасына дейін – 31 шақырым. Шектеу автокөліктің барлық түрлері үшін қолданылады (жел, бұрқасын, шектеулі көрініс).

Ұлытау облысында – 1 учаске

"Жезқазған-Петропавл" тасжолының 137-252 шақырымы, Ұлытау кентінен – Қостанай облысының шекарасына дейінгі аралық – 115 шақырым. Шектеу автокөліктің барлық түрлері үшін қолданылады (бұрқасын, шектеулі көрініс).
Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарда 673 техника және 1285 адам жұмыс істеп жатыр.
Жаңалықтар
0