https://sputnik.kz/20240205/altyn-orda-bazarynyn-buryngy-atqarushy-direktory-sottaldy-42070087.html
"Алтын орда" базарының бұрынғы атқарушы директоры сотталды
"Алтын орда" базарының бұрынғы атқарушы директоры сотталды
Sputnik Қазақстан
Сот оның жас баласының барын ескеріп, "Алтын орда" базарының бұрынғы атқарушы директорын 4 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды 05.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-05T20:54+0500
2024-02-05T20:54+0500
2024-02-05T20:54+0500
сот үкімі
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/04/18572611_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_6265a7a72128aecd3ae95c61ebbbd892.jpg
АЛМАТЫ, 5 ақпан - Sputnik. "Алтын орда" базарының бұрынғы атқарушы директорына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Алматы облысы сотының баспасөз қызметі.Базардың экс-басшысына аса ірі мөлшерде психотроптық затты заңсыз сақтап, тасымалдады деген айып тағылды.Прокурор сотталушыны 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұраған. Ал сотталушы кінәсін мойындамаған және айғақ беруден бас тартқан."Сотталушының кінәсі сотта зерттелген ұстау және жеке тінту бейнежазбасы, психотроптық заттың сот-химиялық сараптама нәтижелері, алақанның жуылуы, қолдың тырнақ кесінділері және құрамында психотроптық зат-мефедрон бар джинсы шалбар қалтасының кесіндісі, сот – химиялық зерттеулер арқылы дәлелденді", - дейді облыстық сот.Сот оның жас баласының барын ескеріп, "Алтын орда" базарының бұрынғы атқарушы директорын 4 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/04/18572611_240:0:1680:1080_1920x0_80_0_0_b7670e922fe9a7729311ee70fcf7d938.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сот үкімі
"Алтын орда" базарының бұрынғы атқарушы директоры сотталды
Сот оның жас баласының барын ескеріп, "Алтын орда" базарының бұрынғы атқарушы директорын 4 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды
АЛМАТЫ, 5 ақпан - Sputnik. "Алтын орда" базарының бұрынғы атқарушы директорына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Алматы облысы сотының баспасөз қызметі.
Базардың экс-басшысына аса ірі мөлшерде психотроптық затты заңсыз сақтап, тасымалдады деген айып тағылды.
"Өткен жылдың жазында "Алматы-Бішкек" автожолында полиция қызметкерлері автокөлікті тоқтатқан. Көліктің артқы орындығында сотталушы "М" есімді азамат отырған. Оны тінту кезінде сотталушыдан ұнтақ сақталған зат тәркіленді. Сот-химиялық сараптаманың нәтижелері бойынша бұл зат психотропты зат болып шықты – салмағы 1,796 грамм болатын мефедрон (аса ірі мөлшерде)", - дейді ведомство.
Прокурор сотталушыны 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұраған. Ал сотталушы кінәсін мойындамаған және айғақ беруден бас тартқан.
"Сотталушының кінәсі сотта зерттелген ұстау және жеке тінту бейнежазбасы, психотроптық заттың сот-химиялық сараптама нәтижелері, алақанның жуылуы, қолдың тырнақ кесінділері және құрамында психотроптық зат-мефедрон бар джинсы шалбар қалтасының кесіндісі, сот – химиялық зерттеулер арқылы дәлелденді", - дейді облыстық сот.
Сот оның жас баласының барын ескеріп, "Алтын орда" базарының бұрынғы атқарушы директорын 4 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.