Шығыс Қазақстанда 3 әкім жауапқа тартылды

© Sputnik / Тимур БатыршинПрокурор
Прокурор - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.02.2024
Жазылу
Олардың әрқайсысына 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды
АЛМАТЫ, 4 ақпан – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының прокурорлары 3 әкімді әкімшілік жауапқа тартты, деп хабарлайды Бас прокуратура.
Шемонаиха ауданында мемлекеттік сатып алу туралы тікелей шарттар заңсыз жасалған.
"Жекелеген әкімдер "Мемлекеттік сатып алу туралы" заңның 39-бабы 3-тармағы 42-тармақшасында көрсетілген ережені бұзған. Олар сатып алу кезінде бір ғана жұмыстың құнына тоқталып (3000 АЕК-тен аспайтын), жұмыстың біртектілік жайлы қойылатын талаптарын әдейі елемеген", - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Мәселен, Шемонаиха қаласы әкімінің аппараты қысқы жол жөндеу жұмыстарын жүргізуге жалпы сомасы 27,2 млн теңгеге 3 шарт жасасқан. Жұмыстың сипаты біртекті, бірақ бұл ретте жалпы құны 3000 АЕК-тен асқанын ескере отырып, бұл сатып алулар бәсекелестік ортада жүзеге асырылуы керек болған.
"Осындай заң бұзушылықтарға Зевакин және Вавилон ауылдық округтерінің әкімдері де жол берген. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша Шемонаиха қаласы, Зевакин және Вавилон ауылдық округтерінің әкімдері әкімшілік жауапкершілікке тартылып, әрқайсысына 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды", - дейді Бас прокуратура.
Жаңалықтар
0