"Қазақстанның жеңісі": облыс әкімі Кабирхан сәйгүліктің иесін құттықтады

© Photo : Батыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметіБатыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Кабирхан сәйгүліктің иесі Тілек Мұханбетқалиевті қабылдады
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Кабирхан сәйгүліктің иесі Тілек Мұханбетқалиевті қабылдады - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.02.2024
Жазылу
Нариман Төреғалиев Кабирханның жеңісі елімізде ат спортының дамуына серпін беретінін атап өтті
АСТАНА, 4 ақпан – Sputnik. Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Дубайдағы турнирде жеңіске жеткен әйгілі Кабирхан сәйгүліктің иесі, кәсіпкер Тілек Мұханбетқалиевті қабылдады, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Өңір басшысы әйгілі тұлпардың иесі Тілек Мұқанбетқалиевті үздік арғымақ баптап, әлемдік додада жеңіске жетуімен құттықтады.
"Бұл – барша Қазақстанның жеңісі. Еліміздің көк туы кезекті рет әлемдік аренада желбіреді. Бұл жеңіс өңірімізде, жалпы елімізде ат спортының дамуына серпін береді", - деді Нариман Төреғалиев.
Ал Тілек Мұханбетқалиев өңірдегі ат спортының дамуына қолдау көрсетіп отырғаны үшін облыс басшылығына алғыс білдіріп, биыл елімізде өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойынында облыс атынан бәйгеге ат қосуға дайын екендігін айтты.
Еске салайық, Кабирхан Дубайдағы Al Maktoum Challenge (1-топ) Presented by Longines бәйгесінде мәреге бірінші болып жеткен еді. Жарысқа 12 тұлпар қатысты. Олар 1900 метр қашықтықта сынға түсті. Шабандоз Патрик Доббс мінген қазақстандық сәйгүлік Кабирхан 1 минут 57 секундта мәре сызығын бірінші болып кесті. Сөйтіп Мими Какуши, Атлетико Эль Кулано, Клэптон, Фёрст Конститьюшен, Милитари Ло сияқты әйгілі тұлпарларды артта қалдырды.
Нәтижесінде қазақстандық сәйгүлік бір миллион доллар көлемінде бас жүлдеге ие болды.
Кабирхан - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.01.2024
Кабирханның озатынына ешкім сенбеді – Дубайдағы бәйгеде топ жарған сәйгүліктің иесі
Жаңалықтар
0