https://sputnik.kz/20240204/pavlodarda-mektepterge-shabuyl-zhasalatyny-turaly-aqparat-tarady--politsiya-ne-deydi-42041254.html
Павлодарда мектептерге шабуыл жасалатыны туралы ақпарат тарады – полиция не дейді
Павлодарда мектептерге шабуыл жасалатыны туралы ақпарат тарады – полиция не дейді
Sputnik Қазақстан
Құзырлы органдар ол ақпаратты таратқан адамдарды анықтау жұмысын бастады 04.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-04T13:55+0500
2024-02-04T13:55+0500
2024-02-04T13:55+0500
павлодар облысы
мектеп
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/06/18328111_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_e7393f894b7cd915863acb39062888f6.jpg
АСТАНА, 4 ақпан – Sputnik. Павлодар облысының полиция департаменті әлеуметтік желілерде қала мектептерінде қылмыс жасауға дайындық жасалып жатқаны туралы ақпараттың тарауына байланысты тексеріс жүргізіп жатыр.Полиция дәл осындай жалған хабарламалар елдің бірқатар қаласында тарағанын еске салды. Бұл хабарламалар халық арасында дүрбелең тудыруды көздейді."Азаматтардан арандатушылыққа бой алдырмай, тек ресми ақпаратқа сенуін сұраймыз", - деп ведомство облыс тұрғындарына үндеу жолдады.Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ақтөбе мен Атыраудағы мектептерге шабуыл жасалатыны туралы осындай ақпарат тараған болатын. Кейін полиция қызметкерлері Telegram каналында Ақтөбе мектептерінде қырғын жасаймын деп қорқытқан адамның кім екенін анықтады. Ол 18 жастағы көрші елдердің бірінің тумасы болып шықты.
павлодар облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/06/18328111_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_9fc4de8e488aac4eaf11ff7c97e78644.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
павлодар облысы, мектеп
Павлодарда мектептерге шабуыл жасалатыны туралы ақпарат тарады – полиция не дейді
Құзырлы органдар ол ақпаратты таратқан адамдарды анықтау жұмысын бастады
АСТАНА, 4 ақпан – Sputnik. Павлодар облысының полиция департаменті әлеуметтік желілерде қала мектептерінде қылмыс жасауға дайындық жасалып жатқаны туралы ақпараттың тарауына байланысты тексеріс жүргізіп жатыр.
"Әлеуметтік желілерде белгісіз біреулер Павлодар мектептерінде қылмыс жасауға дайындалып жатқаны туралы ақпарат тарады. Аталмыш факті бойынша полиция департаменті тексеріс жүргізіп жатыр. Құзырлы органдармен бірлесе отырып, ол ақпаратты таратқан адамдарды анықтау бойынша жедел іс-шаралар басталды", - делінген ведомство хабарламасында.
Полиция дәл осындай жалған хабарламалар елдің бірқатар қаласында тарағанын еске салды. Бұл хабарламалар халық арасында дүрбелең тудыруды көздейді.
"Азаматтардан арандатушылыққа бой алдырмай, тек ресми ақпаратқа сенуін сұраймыз", - деп ведомство облыс тұрғындарына үндеу жолдады.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ақтөбе мен Атыраудағы мектептерге шабуыл жасалатыны туралы осындай ақпарат тараған болатын. Кейін полиция қызметкерлері Telegram каналында Ақтөбе мектептерінде қырғын жасаймын деп қорқытқан адамның кім екенін анықтады. Ол 18 жастағы көрші елдердің бірінің тумасы болып шықты.