Бүгін Бурабайда 5 балдық жер сілкінісі болды ма – ТЖМ түсінік берді

© Sputnik / Владислав ВодневСейсмологи
Сейсмологи - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.02.2024
Жазылу
Танымал қосымша Бурабайда 5 балдық жер сілкінісі болғанын хабарлады
АСТАНА, 4 ақпан— Sputnik. Әлеуметтік желілерде қазақстандықтар танымал қосымшадан жер сілкінісі болғаны туралы хабарлама келгенін жарыса жазды. Қосымшадан келген хабарламада Бурабай кентіне жақын маңда сағат 14:00 шамасында 5 балдық жер сілкінісі болғаны көрсетілген.
© PhotoСкрин приложение Еarthquake
Скрин приложение Еarthquake - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.02.2024
Скрин приложение Еarthquake
Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігі осы жайтқа қатысты түсініктеме берді.
"Сағат 13.57-де Earthquak қосымшасында Ақмола облысында Бурабай ауылының маңында болған жер сілкінісі туралы ақпарат жарияланды. Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы аталған аумақта жер сілкінісі болғанын растамайды", - делінген ведомство хабарламасында.
Еске сала кетейік, 23 қаңтар күні 00 сағат 09 минутта Алматыда жер сілкінді. Жер сілкінісі Алматыда 5 балл деңгейінде сезілген. Тұрғындар үрейленіп, үйлерін тастап, далаға шығып кеткен.
Алматинцы эвакуировались из домов из-за землетрясения - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.01.2024
Алматыда жер сілкінді
Жаңалықтар
0