Аягөздік оқушы инкубатор құрастырды

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуИнкубатор, архивтегі фото
Инкубатор, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.02.2024
Жазылу
Құрылғы ішіндегі температураны ұялы телефон арқылы кез келген жерден бақылауға болады
АСТАНА, 4 ақпан – Sputnik. Аягөз қаласының мектеп оқушысы автоматтандырылған инкубатор құрастырды, деп хабарлады 24KZ.
Әйгерім Ержанқызы инновациялық құрылғының көмегімен бөдене балапанын шығарды. Ал осы шаһардағы тағы бір білім ордасының оқушысы Әли Мұхтарұлы шешендік өнер үйірмесін ашты.
Әйгерім Ержанқызы Аягөз қаласындағы көпбейінді қазақ мектеп гимназиясында оқиды. Оқушы инкубаторды үй жағдайында құрастырып, Arduino бағдарламасының көмегімен автоматтандырыпты.
"Бұл толықтай пеноплекс материалынан жасалған. Ішінде арнайы жылыту плиткасы, термореттегіш бар. Егер бөлме ысып кетсе, бұл температураны нақты бір температураға түсіреді. Ал егер суып кететін болса, ендеше ішіндегі жылыту плиткасы жылу шашып, жұмыртқаларға нақты бір көлемдегі температурадағы жылуды береді", - дейді 10-сынып оқушысы.
Құрылғы ішіндегі температураны ұялы телефон арқылы кез келген жерден бақылауға болады. Оқушы жобаны биология пәнінің мұғалімімен бірлесіп жүзеге асырған. Инкубаторға 20 жұмыртқа салып, 17 күн бақылапты. Нәтижесінде 5 балапан шыққан.
"Жобамыздың негізгі мақсаты – Аягөз өңірінде бөдененің түрін инкубатор арқылы көбейту. Сол арқылы тауықтың жұмыртқасы сияқты тұтынушылық деңгейін көтеру арқылы адамдардың денсаулығын сақтау. Себебі бөдене жұмыртқасы, еті де адам денсаулығына өте пайдалы және де біздің ауданымызда бөдененің жұмыртқасы да, еті де тапшы", - дейді биология пәнінің мұғалімі Қаламқас Сәдуақасова.
Әли Мұхтарұлы – V республикалық "Ділмәр" шешендік өнер байқауының жеңімпазы. Ол өзі оқитын мектепте "Аягөз-Ділмәр" шешендік үйірмесін ашқан. 10-сынып оқушысы қазір өз қатарластарына көркем сөйлеуді үйретіп жүр.
"Бір күні кітапханаға барып, кітап оқып, талдасақ, балалар сол кітаптан оқыған дүниесін сөйлеп үйренеді. ХХІ ғасырдың телефонға телмірген балаларына сөйлеу өнері өте қатты қажет. Қазір екі сөздің басын қоса алмайтын балалар көп", - дейді Әли Тұрсәлім.
Әли Мұхтарұлы аптасына 2 мәрте сабақ береді. Үйірмеге аудандағы 45 баланың ішінен іріктелген 12 оқушы қатысады.
Жаңалықтар
0