Қарағанды қаласында жасырын есірткі зертханасы анықталды

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.02.2024
Жазылу
Есірткіні заңсыз дайындаған екі күдікті ұсталды
АСТАНА, 3 ақпан – Sputnik. Қарағанды қаласында жалдамалы жеке үйде синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхана анықталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.
Тінту кезінде 7,5 мың дозаға жететін 1,5 келіден астам психотроптық заттар, сондай-ақ оларды дайындайтын құрылғы мен компоненттер тәркіленді. Есірткіні заңсыз дайындаған екі күдікті ұсталды.
"Қолда бар мәліметтер бойынша зертхана жақында ғана құрылған. Соттың санкциясымен ұсталған тұлғаларға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды", - дейді комитет мамандары.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 297-бабы, 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Айта кетері, осы қылмыс үшін он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Жаңалықтар
0