Бішкек ЖЭО-сындағы апат: Қазақстан Қырғызстанға көмектеседі

© Photo : Пресс-служба Минэнерго КыргызстанаТЭЦ Бишкека
ТЭЦ Бишкека - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.02.2024
Жазылу
Қазақстан мен Қырғызстан СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесті
АСТАНА, 3 ақпан – Sputnik. Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қырғыз Республикасының сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды сыртқы істер министрлігі.
Сұхбат барысында Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Бішкек қаласының ЖЭО-ға қатысты жағдайды реттеуге жәрдемдесуді үйлестіру бойынша екіжақты өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Осыған байланысты Қырғызстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы ЖЭО жұмысын қалпына келтіру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті.
Сондай-ақ Қазақстанның Жамбыл МАЭС-пен электр энергиясын жеткізу көлемін ұлғайтуға байланысты мәселені жедел шешкені үшін алғысын білдірді.
Жаңалықтар
0