Елорда тынысы

Астана автобустарында жолаушылардың кіруі мен шығуына қатысты ереже өзгерді

© Sputnik / Санат ИмангалиевАстана. Виды зимой
Астана. Виды зимой - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.02.2024
Жазылу
Елорда тұрғындары мен қонақтары енді қоғамдық көлікке нақты есікті таңдамай кіруге және шығуға құқылы
АСТАНА, 3 ақпан – Sputnik. CTS елордалық көлік компаниясы елорда тұрғындары мен қонақтары енді қоғамдық көлікке нақты есікті таңдамай кіруге және шығуға құқылы екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Астана қаласының әкімдігі.
Әкімдіктің мәліметінше, үкіметтің 2007 жылғы 8 қарашадағы қаулысымен бекітілген елордада жолаушылар мен багажды тасымалдау ережесінің күші жойылды.
"Жолаушыларды тасымалдаудың жаңа ережелеріне сәйкес алдыңғы есік арқылы кіру талаптары реттелмеген, яғни жолаушылардың отырғызу мен түсіру барлық есік арқылы жүзеге асырылады", - делінген әкімдік хабарламасында.
Қазіргі уақытта бағдарлардағы аудио хабарламалар мен бейнероликтерді өшіру жұмысы жүргізіліп жатыр.
Еске сала кетейік, қоғамдық көлікте жол ақысын төлеу және валидация жасау – жолаушының міндеті.
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 622-бабының 2-бөлігіне сәйкес төлемнен жалтарғаны үшін 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл көзделген. Бүгінгі таңда айыппұл көлемі – 7 384 теңге.
Сондай-ақ, 2023 жылдың қазан айынан бастап елорда тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы болу үшін инновациялық шешімдер кезең-кезеңімен енгізілуде.
"Көлік картасы және QR-код арқылы төлеуден басқа, "Avtobys" мобильді қосымшасымен Bluetooth арнасы арқылы жол жүру ақысын төлеуге де болады", - деп атап өтті әкімдік.
Қоғамдық көліктің жылжымалы құрамның негізгі бөлігі (1 242 бірлік) "Avtobys" жүйесіне қосылған.
"Қазіргі уақытта баланстың ескі жүйеден жаңасына көшу процесі жүріп жатыр. Осыған байланысты жаңа планшеттерде көлік карталарын тану бойынша мәселелер туындауы мүмкін", - деп ескертті әкімдіктің баспасөз қызметі.
Астана әкімдігі олар 2024 жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін шешілетінін айтты.
Жаңалықтар
0