https://sputnik.kz/20240202/toqaev-zhurnalisterdi-ulttyq-bacylym-kunimen-quttyqtady-41993437.html
Тоқаев журналистерді Ұлттық баcылым күнімен құттықтады
Тоқаев журналистерді Ұлттық баcылым күнімен құттықтады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 2 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан журналистерін Ұлттық баcылым күнімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда. 02.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-02T09:14+0500
2024-02-02T09:14+0500
2024-02-02T09:14+0500
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e7/09/0c/38391979_0:97:3298:1952_1920x0_80_0_0_638baeb94a5758ae3f978dac817fe20e.jpg
АСТАНА, 2 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан журналистерін Ұлттық баcылым күнімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.Президент сонау 1913 жылы, дәл осы күні еліміздің баспасөз саласының бастауында тұрған "Қазақ" газетінің алғашқы саны жарық көргенін атап өтті.Оның пікірінше, газет-журналдар замана тынысын дөп басып, мемлекет пен қоғамдағы қордаланған мәселелерді көтереді, түрлі көзқарастағы ой-пікірлерді жарыққа шығарады. Сондай-ақ жалпы адамзатқа ортақ ізгі құндылықтарды дәріптейді."Баспасөз қызметкерлері кәсіби біліктіліктің, отаншылдық пен жауапкершіліктің озық үлгісін көрсетіп келеді. Біздің басылымдарымыз халықтың бірлігін нығайтуға атсалысып, Әділетті Қазақстанды құру ісіне елеулі үлес қоса береді деп сенемін. Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке және шығармашылық шабыт тілеймін!", - деп құттықтады президент.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/0c/38391979_284:0:3015:2048_1920x0_80_0_0_0ee1de1dca633ff21397f917f02370cf.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
Тоқаев журналистерді Ұлттық баcылым күнімен құттықтады
АСТАНА, 2 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан журналистерін Ұлттық баcылым күнімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.
Президент сонау 1913 жылы, дәл осы күні еліміздің баспасөз саласының бастауында тұрған "Қазақ" газетінің алғашқы саны жарық көргенін атап өтті.
"Халқымыздың біртуар перзенттері – Алаш арыстары шығарған бұл басылым сындарлы сәттерде ұлтты ұйыстыруға айрықша ықпал етті. Сөз бостандығына адалдығынан айнымаған басылымдар әрдайым шынайы ақпараттың және сапалы сараптаманың қайнар көзі болып қала береді", - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Оның пікірінше, газет-журналдар замана тынысын дөп басып, мемлекет пен қоғамдағы қордаланған мәселелерді көтереді, түрлі көзқарастағы ой-пікірлерді жарыққа шығарады. Сондай-ақ жалпы адамзатқа ортақ ізгі құндылықтарды дәріптейді.
"Баспасөз қызметкерлері кәсіби біліктіліктің, отаншылдық пен жауапкершіліктің озық үлгісін көрсетіп келеді. Біздің басылымдарымыз халықтың бірлігін нығайтуға атсалысып, Әділетті Қазақстанды құру ісіне елеулі үлес қоса береді деп сенемін. Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке және шығармашылық шабыт тілеймін!", - деп құттықтады президент.