https://sputnik.kz/20240202/smayylov-eaeo-da-innovatsiyalyq-ideyalarmen-almasuga-arnalgan-platforma-qurudy-usyndy-42003074.html
Смайылов ЕАЭО-да инновациялық идеялармен алмасуға арналған платформа құруды ұсынды
Смайылов ЕАЭО-да инновациялық идеялармен алмасуға арналған платформа құруды ұсынды
Sputnik Қазақстан
Отырысбасталғанға дейін Қазақстан үкіметінің басшысы Еуразиялық экономикалық одақтың басқа елдерінен келген әріптестерімен Digital Almaty форумының көрмесін... 02.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-02T12:12+0500
2024-02-02T12:12+0500
2024-05-28T17:10+0500
еаэо
форум
еуразиялық үкіметаралық кеңес
https://sputnik.kz/img/07e8/02/02/41997230_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_2857bc6b6e3fc8b4d10153208369e68c.jpg
АЛМАТЫ, 2 ақпан – Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов технологиялық шешімдер, патенттер және инновациялық идеялармен алмасуға арналған ЕАЭО-да цифрлық платформа құруды ұсынды.Бұл туралы ол Digital Almaty-2024 алаңында Қазақстан мен ЕАЭО елдерінің үкімет басшылары қатысып жатқан пленарлық отырыста айтты."Технологиялық шешімдер, патенттер және инновациялық идеялармен алмасуға арналған цифрлық платформа құруды ұсынамыз. Бұл біздің өзара іс-қимылымызды жақсартады және өңіріміздің кәсіпкерлері мен зерттеушілері үшін жаңа технологияларға қол жеткізуге мүмкіндік береді", - деді Әлихан Смайылов.Қазақстан премьер-министрінің айтуынша, бірлескен күш-жігер технологиялық дамуға және "Икс" индустриясына көшуге ықпал етіп, өзара тиімді әріптестікті тереңдетеді.Пленарлық отырысқа Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов, Беларусь премьер-министрі Роман Головченко, Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин, Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов, Қырғызстан министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Әділбек Қасымалиев, ЕЭК алқасының төрағасы Бақытжа Сағынтаев қатысады.Пленарлық отырыс алдында үкімет басшылары форумның цифрлық көрмесімен танысты. Көрмеде 300-ден астам отандық және халықаралық IT-компаниялардың, сондай-ақ цифрландыру бойынша жетекші халықаралық сарапшылардың цифрлық жобалары қойылған.Естеріңізге сала кетейік, бүгін Алматыда Digital Almaty-2024 – "Индустрия Х. Болашақтың цифрлық эволюциясы" халықаралық цифрлық форумының екінші күні өтіп жатыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/02/02/41997230_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_8252b7317bf826c0607e6f57e7182630.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо, форум, еуразиялық үкіметаралық кеңес
еаэо, форум, еуразиялық үкіметаралық кеңес
Смайылов ЕАЭО-да инновациялық идеялармен алмасуға арналған платформа құруды ұсынды
12:12 02.02.2024 (жаңартылды: 17:10 28.05.2024) Отырысбасталғанға дейін Қазақстан үкіметінің басшысы Еуразиялық экономикалық одақтың басқа елдерінен келген әріптестерімен Digital Almaty форумының көрмесін аралады
АЛМАТЫ, 2 ақпан – Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов технологиялық шешімдер, патенттер және инновациялық идеялармен алмасуға арналған ЕАЭО-да цифрлық платформа құруды ұсынды.
Бұл туралы ол Digital Almaty-2024 алаңында Қазақстан мен ЕАЭО елдерінің үкімет басшылары қатысып жатқан пленарлық отырыста айтты.
"Технологиялық шешімдер, патенттер және инновациялық идеялармен алмасуға арналған цифрлық платформа құруды ұсынамыз. Бұл біздің өзара іс-қимылымызды жақсартады және өңіріміздің кәсіпкерлері мен зерттеушілері үшін жаңа технологияларға қол жеткізуге мүмкіндік береді", - деді Әлихан Смайылов.
Қазақстан премьер-министрінің айтуынша, бірлескен күш-жігер технологиялық дамуға және "Икс" индустриясына көшуге ықпал етіп, өзара тиімді әріптестікті тереңдетеді.
"Біз жасанды интеллект зерттеулерін бірге жүргізу, деректерді өңдеу мен талдау үшін ортақ қажетті инфрақұрылымды құруға күш-жігерімізді біріктіруге дайынбыз. Сонымен қатар өз жобаларымыз бойынша тәжірибе алмасуға дайынбыз", – деді Әлихан Смайылов.
Пленарлық отырысқа Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов, Беларусь премьер-министрі Роман Головченко, Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин, Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов, Қырғызстан министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Әділбек Қасымалиев, ЕЭК алқасының төрағасы Бақытжа Сағынтаев қатысады.
Пленарлық отырыс алдында үкімет басшылары форумның цифрлық көрмесімен танысты. Көрмеде 300-ден астам отандық және халықаралық IT-компаниялардың, сондай-ақ цифрландыру бойынша жетекші халықаралық сарапшылардың цифрлық жобалары қойылған.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Алматыда Digital Almaty-2024 – "Индустрия Х. Болашақтың цифрлық эволюциясы" халықаралық цифрлық форумының екінші күні
өтіп жатыр.