https://sputnik.kz/20240202/qazaqstanda-ayelder-politsiya-uchaskesi-ashyldy-42018930.html
Қазақстанда әйелдер полиция учаскесі ашылды
Қазақстанда әйелдер полиция учаскесі ашылды
Sputnik Қазақстан
Жаңа бөлімше өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдар үшін мемлекеттік дағдарыс орталығымен біріктірілді 02.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-02T19:27+0500
2024-02-02T19:27+0500
2024-02-02T19:27+0500
полиция
әйел
https://sputnik.kz/img/07e5/06/12/17383458_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_6fbc151c3baec69ad79775207376b572.jpg
АЛМАТЫ, 2 ақпан - Sputnik. Теміртауда әйелдер полиция бөлімшесі іске қосылды, деп хабарлады Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі."Учаскеде тек әйел адамдар жұмыс істейді: ювеналды полиция қызметкерлері, тергеушілер, жедел уәкілдер, кәмелетке толмағандар жөніндегі инспектор. Заңгерлер мен психологтардың көмегін алуға болады", - делінген хабарламада.Жаңа бөлімше өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдар үшін мемлекеттік дағдарыс орталығымен біріктірілді. Орталық сол ғимаратта орналасқан. Зардап шеккен әйелдер өздерінің проблемалары туралы айтып, қорғауды сұрай алады. Олардың арасында тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары да бар.Бұған дейін Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейтетін түзетулер жақын арада қабылданатыны хабарланған болатын. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев ІІМ алқасының кеңейтілген отырысында мәлімдеді."Мен мұндай қылмыстар үшін жауапкершілікті күшейтуді қолдаймын. Қылмыстық кодекске тиісті түзетулер жақын арада қабылданатын болады", - деді Ақорда мемлекет басшысы.Ішкі істер министрлігі қызметкерлерді жұмыстың жаңа форматына көшуге алдын ала дайындау керектігін атап өтті.Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жүйесі жаңартуды қажет етеді, дейді мемлекет басшысы.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/06/12/17383458_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_e10fadf02208da3f3d36c75866b29ac1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
полиция, әйел
Қазақстанда әйелдер полиция учаскесі ашылды
Жаңа бөлімше өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдар үшін мемлекеттік дағдарыс орталығымен біріктірілді
АЛМАТЫ, 2 ақпан - Sputnik. Теміртауда әйелдер полиция бөлімшесі іске қосылды, деп хабарлады Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
"Учаскеде тек әйел адамдар жұмыс істейді: ювеналды полиция қызметкерлері, тергеушілер, жедел уәкілдер, кәмелетке толмағандар жөніндегі инспектор. Заңгерлер мен психологтардың көмегін алуға болады", - делінген хабарламада.
Жаңа бөлімше өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдар үшін мемлекеттік дағдарыс орталығымен біріктірілді. Орталық сол ғимаратта орналасқан. Зардап шеккен әйелдер өздерінің проблемалары туралы айтып, қорғауды сұрай алады. Олардың арасында тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары да бар.
"Әйел әйелді жақсы түсінеді. Біз қарым-қатынастың мүмкіндігінше сенімді болғанын қалаймыз. Бізге жүгінген әйелдер форма киген полицейді көргенде ешбір кедергіні сезінбеуі керек", - дейді аға жедел уәкіл майор Жәния Рахматулина.
Бұған дейін Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейтетін түзетулер жақын арада қабылданатыны хабарланған болатын. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев ІІМ алқасының кеңейтілген отырысында мәлімдеді.
"Мен мұндай қылмыстар үшін жауапкершілікті күшейтуді қолдаймын. Қылмыстық кодекске тиісті түзетулер жақын арада қабылданатын болады", - деді Ақорда мемлекет басшысы.
Ішкі істер министрлігі қызметкерлерді жұмыстың жаңа форматына көшуге алдын ала дайындау керектігін атап өтті.
Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жүйесі жаңартуды қажет етеді, дейді мемлекет басшысы.