Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Киев қақтығыс аймағына өзінің соңғы резервін жұмылдырып жатыр – РФ қорғаныс министрі

© Sputnik / РИА Новости / Медиабанкке өтуРабота гаубиц "Мста-Б" в южном секторе СВО
Работа гаубиц Мста-Б в южном секторе СВО - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2024
Жазылу
Сонымен қатар Сергей Шойгу Ресейдің әскери оқу-жаттығу ұшақтарының паркі жаңартылатынын айтты
АСТАНА, 2 ақпан – Sputnik. Киев өзінің қалған резервтерін қақтығыс аймағына жұмылдырып жатыр, деп мәлімдеді Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу.
"Қорғаныстың күйреуіне жол бермеу үшін Украина билігі қалған резервтерді ұрысқа салып, кезекті мәжбүрлі мобилизациялауды асығыс жүргізуде", - деді Шойгу Ресей Қарулы күштері басшылығымен өткен селекторлық кеңесте.
Сонымен қатар Сергей Шойгу Ресейдің әскери оқу-жаттығу ұшақтарының паркі жаңартылатынын айтты.
"Ұшқыштардың заманауи авиациялық жүйелерді меңгеруі және тиімді пайдалануы үшін жоғары оқу орындарында сапалы бастапқы дайындық қажет. Осы мақсатта қорғаныс министрлігі әскери-ғарыш күштерінің ұшуға дайындайтын оқу орындарының материалдық базасын кеңейтіп, курсанттар санын көбейтуде. Өнеркәсіптік кәсіпорындар оқу-жаттығу авиациясы паркін жаңарту үшін ұшақтардың келешегі зор үлгілерін жасауда", - деді Шойгу.
Жаңалықтар
0