https://sputnik.kz/20240202/eaeo-integratsiyalangan-aqparattyq-zhuyeni-belsendi-damytu-qazhet---mishustin-42020367.html
ЕАЭО интеграцияланған ақпараттық жүйені белсенді дамыту қажет - Мишустин
ЕАЭО интеграцияланған ақпараттық жүйені белсенді дамыту қажет - Мишустин
Sputnik Қазақстан
Сонымен қатар Ресей премьер-министрі ЕАЭО елдерін Иранмен еркін сауда туралы келісімнің күшіне енуі үшін қажетті рәсімдерді жеделдетуге шақырды 02.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-02T21:00+0500
2024-02-02T21:00+0500
2024-05-28T17:03+0500
еаэо
ресей
еуразиялық үкіметаралық кеңес
https://sputnik.kz/img/07e8/02/02/42015331_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_7969f41388c6e3b94f186b8fe2f05339.jpg
АЛМАТЫ, 2 ақпан - Sputnik. ЕАЭО елдері уәкілетті органдардың үздіксіз өзара іс-қимылы үшін одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін белсенді дамытуы тиіс, деп мәлімдеді Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында.Сонымен қатар Ресей премьер-министрі ЕАЭО елдерін Иранмен еркін сауда туралы келісімнің күшіне енуі үшін қажетті рәсімдерді жеделдетуге шақырды."Өткен жылдан бастап Иранмен еркін сауда туралы келісімге қол қойылды. Оны іске асыру біздің компанияларға осы елдің нарығына жеткізуге кең мүмкіндіктер ашады. Бұл жерде құжаттың заңды күшіне енуі үшін қажетті рәсімдерді тезірек жүргізу қажет", - деді Мишустин.Оның айтуынша, Моңғолиямен еркін сауда туралы уақытша келісім және Вьетнаммен қолданыстағы сауданы жетілдіру бойынша мәселелер пысықталп жатыр. Египетпен диалогта айтарлықтай ілгерілеу бар, ал БАӘ-мен, Индонезиямен келіссөздер жүріп жатыр."Еуразиялық тауарларды неғұрлым перспективалы, премиум нарықтарға, достық мемлекеттерге бағыттаудың маңызы зор", – деп қорытындылады Мишустин.Жұма күні Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтті. Армения премьер-министрі Никол Пашинянның төрағалығымен өткен отырысқа ЕАЭО үкімет басшылары мен ЕЭК алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев қатысты.
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/02/02/42015331_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_ef88ea45c52b91326365577559bbff6f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо, ресей, еуразиялық үкіметаралық кеңес
еаэо, ресей, еуразиялық үкіметаралық кеңес
ЕАЭО интеграцияланған ақпараттық жүйені белсенді дамыту қажет - Мишустин
21:00 02.02.2024 (жаңартылды: 17:03 28.05.2024) Сонымен қатар Ресей премьер-министрі ЕАЭО елдерін Иранмен еркін сауда туралы келісімнің күшіне енуі үшін қажетті рәсімдерді жеделдетуге шақырды
АЛМАТЫ, 2 ақпан - Sputnik. ЕАЭО елдері уәкілетті органдардың үздіксіз өзара іс-қимылы үшін одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін белсенді дамытуы тиіс, деп мәлімдеді Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында.
"Қазір біз барлық уәкілетті органдардың үздіксіз өзара іс-қимылын қамтамасыз ету үшін одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін белсенді дамытуымыз керек екенін тағы да атап өткім келеді", - деді Михаил Мишустин.
Сонымен қатар Ресей премьер-министрі ЕАЭО елдерін Иранмен еркін сауда туралы келісімнің күшіне енуі үшін қажетті рәсімдерді жеделдетуге шақырды.
"Өткен жылдан бастап Иранмен еркін сауда туралы келісімге қол қойылды. Оны іске асыру біздің компанияларға осы елдің нарығына жеткізуге кең мүмкіндіктер ашады. Бұл жерде құжаттың заңды күшіне енуі үшін қажетті рәсімдерді тезірек жүргізу қажет", - деді Мишустин.
Оның айтуынша, Моңғолиямен еркін сауда туралы уақытша келісім және Вьетнаммен қолданыстағы сауданы жетілдіру бойынша мәселелер пысықталп жатыр. Египетпен диалогта айтарлықтай ілгерілеу бар, ал БАӘ-мен, Индонезиямен келіссөздер жүріп жатыр.
"Еуразиялық тауарларды неғұрлым перспективалы, премиум нарықтарға, достық мемлекеттерге бағыттаудың маңызы зор", – деп қорытындылады Мишустин.
Жұма күні Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтті. Армения премьер-министрі Никол Пашинянның төрағалығымен өткен отырысқа ЕАЭО үкімет басшылары мен ЕЭК алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев қатысты.