Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы және цифрлық форум өтеді

© Sputnik/Ертай Сарбасов Digital Almaty-2023 форумы, архивтегі фото
 Digital Almaty-2023 форумы, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2024
Жазылу
Қазақстан үкіметінің басшысы кеше ресейлік және қырғыз әріптестерімен екіжақты кездесулер өткізді
АСТАНА, 2 ақпан – Sputnik. Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңес пен цифрландыру бойынша "Digital Almaty: "Жаңа замандағы цифрлық серіктестік" форумы басталады, деп хабарлады Қазақстан СІМ баспасөз қызметі.
Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь және Қырғызстан премьер-министрлері, сондай-ақ ЕЭК алқасының жаңа басшысы еуразиялық интеграция, оның ішінде ЕАЭО ішкі нарығының жұмыс істеуі, көлік саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ электронды коммерцияны дамыту мәселелерін талқылайды.
Ресей үкіметінің баспасөз қызметі үкіметаралық кеңес отырысында цифрлық күн тәртібіне, оның ішінде одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін жетілдіруге ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті.
Қазақстан басшылығы цифрландыру мен цифрлық трансформацияны ЕАЭО-дағы ынтымақтастықты дамытудың негізгі бағыттарының бірі деп санайды.
Бұл туралы өткен жылдың қыркүйек айында Астанада өткен "Иннопром" көрмесінің сессиясында премьер-министр Әлихан Смайылов айтқан болатын.
Digital Almaty 2024  - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2024
Digital Almaty 2024: банктер мен криптобиржалар жобасының айналымы 2 239 млн болды
Жаңалықтар
0