2023 жылы Арменияның ЕАЭО елдерімен тауар айналымы 39%-ға өсті - Пашинян

© Sputnik/Ертай СарбасовЗаседание Евразийского Межправсовета в Алматы
Заседание Евразийского Межправсовета в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2024
Жазылу
Экспорт 40,8%-ға, импорт 37,5%-ға өсті
АСТАНА, 2 ақпан – Sputnik. 2023 жылы Арменияның ЕАЭО елдерімен тауар айналымы өткен жылмен салыстырғанда 39%-ға өсіп, шамамен 7,8 миллиард долларды құрады. Бұл ретте экспорт 40,8%-ға, импорт 37,5%-ға өсті. Бұл туралы Алматыда өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің пленарлық отырысында Армения премьер-министрі Никол Пашинян мәлімдеді.
Ол салалық кооперацияны нығайту, жаңа бизнес байланыстар құру, цифрлық қызметтердің трансшекаралық саудасын құру және деректер алмасу ЕАЭО-ның басым міндеттері болуы керектігін айтты.
"ЕАЭО-ның біртұтас цифрлық кеңістігін дамытуға арналған институционалдық орта қазірдің өзінде бар. Дегенмен, біздің ойымызша, ұйымға мүше мемлекеттер арасындағы ақпарат алмасудың ортақ процестерінің дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету, сондай-ақ ЕАЭО интеграцияланған ақпараттық жүйесінің цифрлық платформадағы өзара іс-қимылдың неғұрлым заманауи және тиімді моделіне кезең-кезеңімен көшуі бөлек қарастыруды және мұқият пысықтауды талап етеді", - деді Никол Пашинян.
Армения премьер-министрі ақпаратпен уақтылы және үздіксіз алмасу ЕАЭО шеңберінде тауарлар мен қызметтердің қозғалысы кезінде туындайтын мәселелерді шешуге және ішкі нарықтағы әкімшілік кедергілер мен шектеулердің басым бөлігін азайтуға мүмкіндік беретінін айтты.
Оның пікірінше, газ, мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын іске қосу жоспарланса да, бүгінгі күні мүше мемлекеттерде энергетикалық ресурстардың ортақ нарығын құру және дамытудың келешегіне қатысты бірыңғай көзқарас жоқ.
"ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің барлығы үшін ортақ энергетикалық нарықты құру экономикалардың тұрақты дамуына, халықтың әл-ауқатын арттыруға, сондай-ақ энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға ықпал ететін бірқатар негізгі артықшылықтарды беретініне сенімдімін. Осыны ескере отырып, біздің диалогымыз ымыраға келетін келісімдерге бағытталуы керек деп есептейміз", - деді Никол Пашинян.
Жұма күні Алматыда Армения премьер-министрі Никол Пашинянның төрағалығымен ЕАЭО үкімет басшылары мен ЕЭК алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтті.
Жаңалықтар
0