Ұлттық қор қаражатын пайдалануға Тараз бен Шымкент тұрғындары бірінші болып өтінім берген

© Sputnik / Абзал КалиевТенге, монеты
Тенге, монеты - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2024
Жазылу
18 жасқа толған қазақстандықтар Ұлттық қордан алынған жинақтарын пайдалана алады
АЛМАТЫ, 1 ақпан – Sputnik. Ұлттық қордан қаражатты пайдалануға бірінші болып Тараз бен Шымкент қалаларының тұрғындары өтінім берді, дейді "Отбасы банк" АҚ баспасөз қызметі.
2024 жылдың 1 ақпанынан бастап 18 жасқа толған қазақстандықтар Ұлттық қордан алынған жинақтарын пайдалана алады. Оны Отбасы банктің enpf-otbasy.kz платформасы арқылы онлайн режимінде жүзеге асыруға болады. enpf-otbasy.kz платформасын бүгін ең алғашқы болып Тараз және Шымкент қалаларының студенттері пайдаланды.
"Бүгінде 18 жастағы қазақстандықтар бұл қаражатты екі мақсатқа - тұрғын үй жағдайын жақсартуға және оқу ақысын төлеуге жұмсай алады. Қазақстанның оңтүстік облыстарының жас тұрғындары ең епті болып шықты. Бұл Тараз және Шымкент студенттері. Олардың екеуі де қаңтарда 18 жасқа толған. Студенттер Ұлттық қордан алған қаражаттарын оқу ақысына ішінара төлеуге және баспана алуға біздің банк арқылы қаражат жинауға жұмсауды жоспарлап отыр. Мен олардың шешімін қолдаймын", - дейді "Отбасы банк" АҚ Басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова.
Ақпан айында Отбасы банктің басқарма төрағасы қаржы құрылымының қызметкерлерімен бірге, Ұлттық қор төлемдерін пайдаланудың барлық мүмкіндіктерін егжей-тегжейлі түсіндіру үшін, еліміздің ірі университеттерінің бірінші курс студенттерімен ашық есік форматында дәрістер өткізуді жоспарлап отыр.
Жалпы биыл 300 мыңнан астам қазақстандық бала кәмелетке толғанын атап өтеді және Ұлттық қордан өз төлемдерін ала алады. Оларға ыңғайлы болу үшін Отбасы банк enpf-otbasy.kz платформасын пысықтап үлгерді. Оған кіру үшін электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қажет. Содан кейін порталда ағымдағы шот ашу керек.
"Егер "Ұлттық қор-балаларға" жобасының қатысушысы Отбасы банкінің клиенті болса, онда ағымдағы шот платформада ашылады. Егер жобаға қатысушы осы уақытқа дейін банктің клиенті болмаса, онда ағымдағы шотты Отбасы банкінің жаңа мобильді қосымшасында ашуға болады. Ол үшін App store/Play market дүкенінен "Otbasy bank lite" мобильді қосымшасын жүктеп алу қажет. Сондай-ақ баспана маркет порталында шот ашуға болады (otbasybank.kz), банк бөлімшелерінде, кеңесшілердің көмегімен немесе банктің hcsbk.kz сайтына өтіп, бейне-қоңырау арқылы ашуға мүмкіндік бар", - дейді баспасөз қзыметі.
Содан кейін www.enpf-otbasy.kz платформасындағы жеке кабинетте БЖЗҚ-дан қаражат алуға сұрау салу және мақсатты таңдау қажет. БЖЗҚ қаражаты ағымдағы шотқа түскен кезде, клиент ақшаны мақсатты пайдалануды растайтын құжаттарын беруі қажет. Банк өтінімді, салынған құжаттарды тексереді және оң шешім қабылданған жағдайда қаражатты нысаналы мақсаты бойынша бағыттайды.
Жаңалықтар
0