Астана, ШЫҰ саммиті - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2024
Астана ШЫҰ-2024
ШЫҰ – 2001 жылы Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның мемлекет басшылары құрған халықаралық ұйым.

Цифрлық даму министрі ШЫҰ-ға мүше елдердің бірлескен технопарк альянсын құруды ұсынды

© Sputnik/Ертай СарбасовDigital Almaty 2024
Digital Almaty 2024 - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2024
Жазылу
Альянстың негізгі мақсаты – стартап жобалармен алмасу
АСТАНА, 1 ақпан – Sputnik. Қазақстанның Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы елдері технопарктерінің бірлескен альянсын құруды ұсынды.
Бұл туралы ол ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамытуға жауапты министрлері мен ведомстволары басшыларының отырысында мәлімдеді. Іс-шара DigitalAlmaty 2024 форумының алаңында өтті.
Оның айтуынша, альянстың негізгі мақсаты – стартап жобалармен және технопарктердің тәжірибесімен алмасу, стартаптарға нарыққа шығуға жәрдемдесу, ортақ венчурлық қор құру, бірлескен инкубация және акселерация бағдарламалары бойынша оқыту, 24/7 режимінде тегін жұмыс кеңістігін қамтамасыз ету, B2B кездесулерін ұйымдастырумен ШЫҰ елдерінің технопарктерінде шешімдер аясын кеңейту. Сонымен қатар гранттар мен қолдау шаралары да қарастырылған.
"IT-хабтардың бір-бірімен өзара әрекеттесуін кез келген елдің стартапшысы өзге елге барғанда коворкинг алаңға, цифрлық ресурстарға қол жеткізе алатындай және сол елдің комьюнитиіне қосыла алатындай етіп ұйымдастыру қажет", - деп түсіндірді министр.
Ол ШЫҰ елдерінің стартаптар арасындағы ынтымақтастықтың әлеуеті зор екенін айтты.
Екінші ұсыныс – аймақтық DATA-хабтар құру, яғни бірлескен деректерді сақтау базасын әзірлеу бойынша күш-жігерді біріктіру.
"Сонымен қатар біз ақпарат жолдауды жетілдіретін арналарды дамытамыз. Жақында өткен кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары деңгейде Ресейден Иранға Қазақстан мен Каспий теңізі арқылы талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту туралы ұсыныс жасады. Біз Ресейдегі әріптестерімізбен сөйлестік. Бүгін президенттің осы идеясын жүзеге асыру мақсатында Ираннан келген әріптестермен сөйлесеміз", - деді Бағдат Мусин.
Сондай-ақ ол ШЫҰ елдерінің қатысуымен спутниктерді құрудан бастап цифрлық платформаларды жүзеге асыруға дейінгі бірлескен жобаларды енгізуді ұсынды.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 4 шілдеде өткен ШЫҰ онлайн саммитінде Қазақстанда ШЫҰ цифрлық форумын өткізу бастама көтерді. Ол цифрлық теңсіздікті жүйелі түрде қысқарту ШЫҰ қызметіндегі нақты басымдыққа айналуы тиіс екенін айтты.
Жаңалықтар
0