Қазақстанның бес облысында жолдар жабылды

© Photo : "КазАвтоЖол"Метель
Метель - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2024
Жазылу
Жолдардағы жұмыстарға 773 техника мен 1522 адам жұмылдырылған
АСТАНА, 1 ақпан – Sputnik. 1 ақпан күні сағат 18:00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты бес облыстағы республикалық маңызы бар тас жолдың бес учаскесінде көліктің барлық түріне қозғалысқа шектеулер енгізілді, деп хабарлайды QazAvtoJol.
Жамбыл облысы
Алматы – Ташкент – Термез жолының учаскесі, 534-593 км, Айша бибі ауылы –Түркістан облысының шекарасы учаскесі – 59 км.
Жетісу облысы
Үшарал – Достық учаскесі, 84-184 км, Көктума станциясы – Достық станциясы учаскесі – 100 км.
Қостанай облысы
Жезқазған – Петропавл учаскесі, 252-335 км, Ұлытау облысының шекарасы – Арқалық қаласы уячаскесі – 83 м.
Түркістан облысы
Алматы – Ташкент – Термез учаскесі, 593-652 км, Түркістан облысының шекарасы – Машат ауылы учаскесі – 59 км.
Ұлытау облысы
Жезқазған – Петропавл учаскесі, 137-252 км, Ұлытау ауылы – Қостанай облысының шекарасы учаскесі – 115 км.
Қазіргі таңда республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына 773 бірлік техника мен 1522 адам жұмылдырылған.
Жаңалықтар
0