Қазақстан мен Қырғызстан жүк көліктері үшін қосымша өткізу пунктін ашуды талқылады

© Photo : ZHUASBAYEV BAUYRZHANАлихан Смаилов и Акылбек Жапаров
Алихан Смаилов и Акылбек Жапаров - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2024
Жазылу
Сондай-ақ су-энергетика саласындағы өзара іс-қимылды күшейту туралы айтылды
АЛМАТЫ, 1 ақпан - Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов министрлер кабинетінің төрағасы - Қырғызстан президенті әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаровпен келіссөздер жүргізді.
Кездесу Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы қарсаңында өтті.
Әлихан Смайылов Қырғызстан Қазақстан үшін стратегиялық әріптес және бауырлас мемлекет екенін айтты.
"Біздің көшбасшыларымыздың саяси ерік-жігерінің арқасында бүгінде Қазақстан — Қырғыз қарым-қатынасы сапалы жаңа деңгейде", - деді премьер-министр.
Үкімет басшысы сондай-ақ елдер арасындағы сауда-экономикалық өзара іс-қимылдың үдемелі дамуын атап өтті. Өткен жылдың 11 айында ғана өзара сауда 12%-ке өсіп, 1 1,3 млрд-қа жетті.
"Бұған үкіметаралық кеңес және өңіраралық ынтымақтастық форумы сияқты екіжақты ынтымақтастық тетіктерінің тиімді қызметі ықпал етті. Қазақстан үкіметі барлық бағыттар бойынша Қазақстан - Қырғыз стратегиялық әріптестігін ары қарай қолдауға дайын", - деді Әлихан Смайылов.
Өз тарапынан Ақылбек Жапаров Қырғызстан мен Қазақстанның қазіргі қарым-қатынасы саяси диалогтың жоғары деңгейі екенін айтты.
"Жыл сайын өзара сауда мен инвестиция көлемі артып, іскерлік, ғылыми және мәдени байланыстар жанданып келеді. Үкіметаралық кеңес шеңберінде қырғыз - қазақ ынтымақтастығының жалпы стратегиялық мақсаттары, тұжырымдамалық тәсілдері мен ұзақ мерзімді даму бағыттары талқыланады. Біздің елдеріміз арасындағы белсенді өзара іс-қимыл көпжақты алаңдарда жүзеге асырылады", - деді ол.
Ақылбек Жапаров қырғыз тарапының Қазақстанмен одақтастық қатынастарды одан әрі тереңдетуге мүдделі екенін айтты.
Кездесу барысында үкімет басшылары екіжақты ынтымақтастықтың, оның ішінде сауда-экономикалық және мұнай-газ салаларындағы мәселелердің кең ауқымын қарастырды.
Сонымен қатар тараптар қысқа мерзімде Қазақстан - қырғыз шекарасында жүк көлігі үшін қосымша өткізу пунктін ашу мәселесін пысықтауға, сондай-ақ су-энергетика саласындағы өзара іс-қимылды күшейтуге келісті.
Жаңалықтар
0