https://sputnik.kz/20240201/eaeo-da-elektrondy-tsifrlyq-qoltanba-boyynsha-zhumys-zhurip-zhatyr-41971920.html
ЕАЭО-да электронды-цифрлық қолтаңба бойынша жұмыс жүріп жатыр
ЕАЭО-да электронды-цифрлық қолтаңба бойынша жұмыс жүріп жатыр
Sputnik Қазақстан
ЕАЭО-ның барлық елі өзара цифрлық қолтаңба талап етілетін 14 басым саланы белгіледі 01.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-01T13:42+0500
2024-02-01T13:42+0500
2024-05-28T17:14+0500
еаэо
еуразиялық үкіметаралық кеңес
https://sputnik.kz/img/07e8/02/01/41967708_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_59bbc972a1e72a82074f5a0f9b6ec5c3.jpg
АЛМАТЫ, 1 ақпан - Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия ЕАЭО аумағындағы трансшекаралық B2G өзара іс-қимылдар кезінде электронды цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) өзара тану жұмысы қалай жүріп жатқанын хабарлады.ЕЭК ақпараттық технологиялар департаменті бірқатар жобаны, оның ішінде "Еуразиялық бестік" құжат айналымына арналған ЭЦҚ әзірлеу бойынша жобаларды жүзеге асырып жатыр. Сонымен қатар әр елдің электронды құжат айналымы және цифрлық қолтаңба жүйесі бар.Ол жобаның іске қосылғанын және осы шешімдерді әзірлеушілер бар екенін айтты."Интеграцияланған жүйені дамыту жоспарларына сәйкес бұл шешімдер белгіленген мерзімде, шамамен 1-1,5 жыл ішінде енгізіледі деп үміттенеміз", – деп толықтырды Мұрат Бостанов.Бостановтың айтуынша, жоспар бойынша елдер ЭЦҚ сертификаттап, өздерінде пайдалану туралы шешім қабылдауға тиіс.Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы тамызда Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының отырысында ЕАЭО аумағындағы трансшекаралық B2G (business-to-Government) өзара іс-қимылдар кезінде электронды цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) өзара тану қағидалары бекітілді.Содан кейін елдер 14 саланы анықтады, олар бірінші кезекте трансшекаралық B2G өзара іс-қимылдары кезінде ЭЦҚ тануды қамтамасыз етуді талап етеді.Бұған дейін ЕЭК мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау үшін бірдей ЭЦҚ пайдалану процесті едәуір жеңілдететінін және әкімшілік шығысты төмендететінін айтқан болатын.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/02/01/41967708_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_a7f8d4aee27f2170f26c748534c59340.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо, еуразиялық үкіметаралық кеңес
еаэо, еуразиялық үкіметаралық кеңес
ЕАЭО-да электронды-цифрлық қолтаңба бойынша жұмыс жүріп жатыр
13:42 01.02.2024 (жаңартылды: 17:14 28.05.2024) ЕАЭО-ның барлық елі өзара цифрлық қолтаңба талап етілетін 14 басым саланы белгіледі
АЛМАТЫ, 1 ақпан - Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия ЕАЭО аумағындағы трансшекаралық B2G өзара іс-қимылдар кезінде электронды цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) өзара тану жұмысы қалай жүріп жатқанын хабарлады.
ЕЭК ақпараттық технологиялар департаменті бірқатар жобаны, оның ішінде "Еуразиялық бестік" құжат айналымына арналған ЭЦҚ әзірлеу бойынша жобаларды жүзеге асырып жатыр. Сонымен қатар әр елдің электронды құжат айналымы және цифрлық қолтаңба жүйесі бар.
"ЕЭК барлық бес ел сенетін және бұл сенімді құжат айналымы үшін пайдаланылатын қаражатты әзірлеу бойынша шаралар қабылдап, жоба іске асырылып жатыр", – деді ЕЭК кеңесшісі Мұрат Бостанов Digital Almaty 2024 форумының аясында.
Ол жобаның іске қосылғанын және осы шешімдерді әзірлеушілер бар екенін айтты.
"Интеграцияланған жүйені дамыту жоспарларына сәйкес бұл шешімдер белгіленген мерзімде, шамамен 1-1,5 жыл ішінде енгізіледі деп үміттенеміз", – деп толықтырды Мұрат Бостанов.
Бостановтың айтуынша, жоспар бойынша елдер ЭЦҚ сертификаттап, өздерінде пайдалану туралы шешім қабылдауға тиіс.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы тамызда Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының отырысында ЕАЭО аумағындағы трансшекаралық B2G (business-to-Government) өзара іс-қимылдар кезінде электронды цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) өзара тану қағидалары бекітілді.
Содан кейін елдер 14 саланы анықтады, олар бірінші кезекте трансшекаралық B2G өзара іс-қимылдары кезінде ЭЦҚ тануды қамтамасыз етуді талап етеді.
Бұған дейін ЕЭК мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау үшін бірдей ЭЦҚ пайдалану процесті едәуір жеңілдететінін және әкімшілік шығысты төмендететінін айтқан болатын.