https://sputnik.kz/20240201/almatyda-digital-almaty-2024-tsifrlyq-forumy-bastalady-41951486.html
Алматыда Digital Almaty 2024 цифрлық форумы басталады
Алматыда Digital Almaty 2024 цифрлық форумы басталады
Sputnik Қазақстан
Ұйымдастырушылардың айтуынша, форумға 30 мыңнан астам адам қатысады 01.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-01T08:26+0500
2024-02-01T08:26+0500
2024-02-01T08:26+0500
еаэо
форум
https://sputnik.kz/img/07e7/02/03/31720268_0:85:1620:996_1920x0_80_0_0_466a7b9444c54f28bc579f9a6d031a67.jpg
АЛМАТЫ, 1 ақпан – Sputnik. Бүгін Алматыда Digital Almaty 2024: "Индустрия X: болашақтың цифрлық эволюциясы" цифрлық форумы басталады.Алтыншы форумда цифрлық индустрияның жаңа дәуірін құруға бағытталған тәжірибе мен идеялар алмасу үшін ШЫҰ және ЕАЭО елдерінің мемлекеттік қызметкерлері, жетекші сарапшылар мен кәсіпкерлер бас қосады.Форумда 200-ден астам спикер сөз сөйлейді, олар экономиканың және инновацияның нақты секторында жаңа технологияларды қолданудағы сәтті кейстерді бөліседі. Үш күн ішінде форумға 30 мыңнан астам адам келеді деп болжанып отыр.Ұйымдастырушылардың айтуынша, VI Digital Almaty биыл өнеркәсіптегі цифрлық трансформация және GovTech, Индустрия 4.0, ESG және Smart City салаларындағы инновациялық шешімдер тақырыптарын қамтиды.Сондай-ақ Industry 4.0 StartupBattle – үздік өнеркәсіптік стартап атағы үшін кең ауқымды күрес, IT-экожүйедегі жобалар туралы тәжірибе мен ақпаратты бөлісетін Қазақстанның ірі жер қойнауын пайдаланушыларының, технопарктердің және технологиялық компаниялардың көрмесін өткізу жоспарланған.Өткен жылы Digital Almaty форумына 150-ден астам спикер қатысып, цифрлық майнинг, мемлекеттік басқару, криптобиржа, киберқауіпсіздік, білім және корпоративтік инновацияларды талқылады.Форумның пленарлық отырысына Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдердің үкімет басшылары қатысты.Digital Almaty форумын Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Сыртқы істер министрлігі және Алматы қаласының әкімдігіұйымдастырып отыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/03/31720268_90:0:1530:1080_1920x0_80_0_0_631f32f4e03b770875f6e6a7d9c2eefe.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо, форум
Алматыда Digital Almaty 2024 цифрлық форумы басталады
Ұйымдастырушылардың айтуынша, форумға 30 мыңнан астам адам қатысады
АЛМАТЫ, 1 ақпан – Sputnik. Бүгін Алматыда Digital Almaty 2024: "Индустрия X: болашақтың цифрлық эволюциясы" цифрлық форумы басталады.
Алтыншы форумда цифрлық индустрияның жаңа дәуірін құруға бағытталған тәжірибе мен идеялар алмасу үшін ШЫҰ және ЕАЭО елдерінің мемлекеттік қызметкерлері, жетекші сарапшылар мен кәсіпкерлер бас қосады.
Форумда 200-ден астам спикер сөз сөйлейді, олар экономиканың және инновацияның нақты секторында жаңа технологияларды қолданудағы сәтті кейстерді бөліседі. Үш күн ішінде форумға 30 мыңнан астам адам келеді деп болжанып отыр.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, VI Digital Almaty биыл өнеркәсіптегі цифрлық трансформация және GovTech, Индустрия 4.0, ESG және Smart City салаларындағы инновациялық шешімдер тақырыптарын қамтиды.
Сондай-ақ Industry 4.0 StartupBattle – үздік өнеркәсіптік стартап атағы үшін кең ауқымды күрес, IT-экожүйедегі жобалар туралы тәжірибе мен ақпаратты бөлісетін Қазақстанның ірі жер қойнауын пайдаланушыларының, технопарктердің және технологиялық компаниялардың көрмесін өткізу жоспарланған.
Өткен жылы Digital Almaty форумына 150-ден астам спикер қатысып, цифрлық майнинг, мемлекеттік басқару, криптобиржа, киберқауіпсіздік, білім және корпоративтік инновацияларды талқылады.
Форумның пленарлық отырысына Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдердің үкімет басшылары қатысты.
Digital Almaty форумын Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Сыртқы істер министрлігі және Алматы қаласының әкімдігіұйымдастырып отыр.