https://sputnik.kz/20240131/ukimet-veterinariyalyq-qyzmetti-kusheytuge-38-mlrd-tenge-boldi-41925278.html
Үкімет ветеринариялық қызметті күшейтуге 3,8 млрд теңге бөлді
Үкімет ветеринариялық қызметті күшейтуге 3,8 млрд теңге бөлді
Sputnik Қазақстан
Қазақстанның басқа елдерден жеткізілетін өнімдерді бақылау мүмкіндігі айтарлықтай артады 31.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-31T07:38+0500
2024-01-31T07:38+0500
2024-01-31T07:39+0500
үкімет қаулысы
https://sputnik.kz/img/07e7/03/1d/33400095_0:0:3641:2048_1920x0_80_0_0_ee5f1188b59fbe0f0d5f7820caaaeaaa.jpg
АЛМАТЫ, 31 қаңтар – Sputnik. Үкімет еліміздің ветеринариялық қызметін күшейтуге өз резервінен 3,8 млрд теңге бөлді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. Премьер-министр Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды Қаражат ветеринариялық зертханаларды дәлдігі жоғары құрылғымен – халықаралық ұсынымдар және Codex Alimentarius ережелері мен талаптарына сай келетін сұйық хроматографпен жабдықтауға бағытталады. Сонымен қатар жаңа құрылғы бүгінде әлемдегі ондаған елге тауарларын экспорттап жүрген қазақстандық өндірушілерге сыртқы нарықтың қатаң талаптарына сәйкес болуына мүмкіндік береді.Бұдан бөлек, Қазақстанның басқа елдерден жеткізілетін өнімдерді бақылау мүмкіндігі айтарлықтай артады.Үкіметтің аталған қаулыны қабылдауы - азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және халықтың денсаулығын сақтау жолындағы маңызды қадам.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/03/1d/33400095_428:0:3159:2048_1920x0_80_0_0_ae16559967121f4437061a0cb24ea81e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үкімет қаулысы
Үкімет ветеринариялық қызметті күшейтуге 3,8 млрд теңге бөлді
07:38 31.01.2024 (жаңартылды: 07:39 31.01.2024) Қазақстанның басқа елдерден жеткізілетін өнімдерді бақылау мүмкіндігі айтарлықтай артады
АЛМАТЫ, 31 қаңтар – Sputnik. Үкімет еліміздің ветеринариялық қызметін күшейтуге өз резервінен 3,8 млрд теңге бөлді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Премьер-министр Әлихан Смайылов
тиісті қаулыға қол қойды Қаражат ветеринариялық зертханаларды дәлдігі жоғары құрылғымен – халықаралық ұсынымдар және Codex Alimentarius ережелері мен талаптарына сай келетін сұйық хроматографпен жабдықтауға бағытталады.
"Бұл ветеринария саласында дәл және нақты зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беріп, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Тиімділігі жоғары сұйық хроматограф тағам өнімдеріндегі зиянды заттардың болмашы іздерін анықтауға мүмкіндік береді. Оны қолдану халықтың денсаулығын тағам арқылы таралатын қауіпті аурулардан қорғауға елеулі үлес қосады", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар жаңа құрылғы бүгінде әлемдегі ондаған елге тауарларын экспорттап жүрген қазақстандық өндірушілерге сыртқы нарықтың қатаң талаптарына сәйкес болуына мүмкіндік береді.
Бұдан бөлек, Қазақстанның басқа елдерден жеткізілетін өнімдерді бақылау мүмкіндігі айтарлықтай артады.
Үкіметтің аталған қаулыны қабылдауы - азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және халықтың денсаулығын сақтау жолындағы маңызды қадам.