Білім

ҰБТ-ның шекті балдары белгілі болды

© Sputnik / Владислав ВодневЦентр национального тестирования готовится принять выпускников
Центр национального тестирования готовится принять выпускников - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.01.2024
Жазылу
Ең жоғары шекті балл – кемінде 75 балл "Құқық" және "Педагогикалық ғылымдар" білім беру бағдарламаларына түсу үшін бекітілген.
АСТАНА, 31 қаңтар – Sputnik. 2024 жылы Қазақстанның жоғары оқу орындарына түсу үшін шекті балл өзгеріссіз, кемінде 50 балл және ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін кемінде 65 балл болып қалды, деп хабарлайды ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.
"Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)" бағыты бойынша оқуға шешім қабылдаған талапкерлер ҰБТ-да кемінде 70 балл жинауы тиіс.
Ең жоғары шекті балл – кемінде 75 балл "Құқық" және "Педагогикалық ғылымдар" білім беру бағдарламаларына түсу үшін бекітілген.

"Сондай-ақ, талапкерлер әр жоғары оқу орны өзінің шекті балын қоя алатындығын да ескеру керек. Бұл құқық оларға төрт жыл бұрын академиялық еркіндік негізінде берілген еді. Мысалы, 80 балл жинаған талапкер математика мұғалімі мамандығына ұлттық ЖОО-ға түскісі келеді. Баршаға мәлім, "Педагогикалық ғылымдарға" шекті балл кемінде 75 балл, ал ұлттық оқу орындарына – кемінде 65 балл. Оқушының жинаған ұпайы жетіп тұр. Алайда, таңдалған университетте оқушының оқығысы келген мамандыққа шекті балл 85-тен басталады. Демек, оқушыға шекті балын 80-ге дейін белгілеген университетті іздеу керек. Жоғары оқу орындарының шекті балы жақын арада ұлттық тестілеу орталығының сайтында жарияланады", - деп атап өтті ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Напомним, что пороговые баллы по "Истории Казахстана" и двум профильным предметам составляют не менее 5 баллов, а по предметам "Грамотность чтения" и "Математическая грамотность" – не менее 3 баллов.
Еске сала кетсек, "Қазақстан тарихы" және екі бейіндік пән бойынша шекті балл – кемінде 5 балл, ал "Оқу сауаттылығы" және "Математикалық сауаттылық" пәндері бойынша шекті балл – кемінде 3 балл.
Жаңалықтар
0