Риэлторлық компания астаналықтарды тақырға отырғызып кетті

© Sputnik / Кирилл Каллиников / Медиабанкке өтуКлючи от квартиры, архивное фото
Ключи от квартиры, архивное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.01.2024
Жазылу
Астанада, шамамен, 7 адам дәл осы компанияға алданған. Іс жүзінде бұдан да көп болуы мүмкін
АСТАНА, 31 қаңтар – Sputnik. Астанада риэлторлық компания бір топ адамды алдап кетті. Қала тұрғындары қыруар қаржысынан айырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан AstanaTV арнасына сілтеме жасап.
Алданғандардың арасында 65 жастағы Сандуғаш Қабиденова да бар. Саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған ұстаз делдалдардың қармағына ілігемін деп ойламаған. Қала маңындағы үйін сату үшін желіге жарнама қалдырған. Ал компания риэлторы "үйіңізді бір айдың ішінде сатып береміз" деп уәдені үйіп төгіп, ақыры келісімшартқа қол қойғызған. Бірақ бұл уақыт аралығында үй сатылмайды.
Амалы таусылған баспана иелері келісімді әрі қарай создырудан бас тартып, өздері әрекетке көшкен. Сол кезде риэлторлар Сандуғаш Қабдиденованы сотқа берген. Шағымда риэлтор жұмысын пайдаланып, ақысын төлемеді деген айып тағылыпты-мыс. Енді үй иесі ешқандай көмек алмаса да 400 мың теңгеден аса шығын өтеуге мәжбүр.
Бұл компанияға алданғандардың арасында Лаура Смағұлова да бар. Оның да ісі сотта жатыр. Келіншектің компанияға қарызы - 1 миллион теңге.
"Мегадом" компаниясымен хабарластым. Оларға үйді ипотекамен алатынымды айттым. Риэлтор маған "егер банк сізге ипотека бермесе, бәрібір менің қызметім үшін ақы төлейсіз" деді. Мен ол ұсынысына келіспедім. Тіпті, келісімшартқа қол қоймадым. Соның өзінде олар мені бір ай өткеннен кейін сотқа берген. Шешім шығарды. Мен қарыз болып қалдым. Сот апелляцияны қабылдамады",- дейді Смағұлова.
Астанада, шамамен, 7 адам дәл осы компанияға алданған. Іс жүзінде бұдан да көп болуы мүмкін. Ал риэлторлық компания мамандары камераға сөйлеуден де, жауап беруден де бас тартты.
Қазіргі кезде Астанада 2000-нан астам риэлторлық агенттік жұмыс істейді. Олардың тек төрттен бірі ғана тексерістен өткен.
Жаңалықтар
0