https://sputnik.kz/20240131/ministrlik-zansyz-oyyn-biznesimen-kuresti-qalay-zhurgizip-zhatyr-41925755.html
Министрлік заңсыз ойын бизнесімен күресті қалай жүргізіп жатыр
Министрлік заңсыз ойын бизнесімен күресті қалай жүргізіп жатыр
Sputnik Қазақстан
Бүгінгі күні министрліктің чат-ботына 100-ден астам өтініш келіп түсті 31.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-31T08:25+0500
2024-01-31T08:25+0500
2024-01-31T08:26+0500
букмекерлік кеңсе
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/0b/39280789_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_c96552c8484bebc4b9f3f74152610cc1.jpg
АЛМАТЫ, 31 қаңтар – Sputnik. Туризм және спорт министрлігі жұртшылықтың белсенді қатысуымен интернет-кеңістікте заңсыз ойын бизнесіне мен оның жарнамасына қарсы күресті жалғастыруда, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.Бұған дейін хабарланғандай, министрлік 2023 жылдың қараша айынан бастап "Telegram" (https://t.me/stop_online_casino_bot) және "WhatsApp" (+7 707 9071507) мессенджерлерінде чат-боттарды іске қосты. Мәселен, "Ойын бизнесі туралы" Заңға сәйкес Қазақстандағы казино мен букмекерлік кеңселерге министрліктің лицензиясы негізінде Алматы және Ақмола облысында орналасқан екі ойын аймағының аумағында ғана қызмет ету рұқсат етілген.Осы талаптар сақталмаған кезде заң бұзушыларға қатысты 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру, қылмыстық табыстың жиырма еселенген сомасына дейінгі мөлшерде айыппұл және мүлікті тәркілеу түрінде қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Бүгінгі күні министрліктің чат-ботына 100-ден астам өтініш келіп түсті. Сонымен қатар министрлік "Кибернадзор" ақпараттық жүйесін пайдалана отырып интернет желісінде заңға қайшы контентті таратуға қарсы күрес жүргізеді. 2023 жылы "Кибернадзор" ақпараттық жүйесіне интернет-казино қызметінің белгілері бар 8284 материал енгізілді, оның ішінде мазмұнды зерделеу қорытындысы бойынша 4459 сайт бұғатталды.
https://sputnik.kz/20231020/qazaqstanda-qumar-oyynshylardyn-sany-1-millionga-zhetti--deputat-39533049.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/0b/39280789_341:0:3072:2048_1920x0_80_0_0_4a8dda5aad64956c61e471e51497be0c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
букмекерлік кеңсе
Министрлік заңсыз ойын бизнесімен күресті қалай жүргізіп жатыр
08:25 31.01.2024 (жаңартылды: 08:26 31.01.2024) Бүгінгі күні министрліктің чат-ботына 100-ден астам өтініш келіп түсті
АЛМАТЫ, 31 қаңтар – Sputnik. Туризм және спорт министрлігі жұртшылықтың белсенді қатысуымен интернет-кеңістікте заңсыз ойын бизнесіне мен оның жарнамасына қарсы күресті жалғастыруда, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Бұған дейін хабарланғандай, министрлік 2023 жылдың қараша айынан бастап "Telegram"
(https://t.me/stop_online_casino_bot) және "WhatsApp" (+7 707 9071507) мессенджерлерінде чат-боттарды іске қосты.
"Олар арқылы азаматтар күдікті сайттарға, онлайн-казино, заңсыз букмекерлік кеңселер, заңсыз лотерея ұйымдары және өзге де заңсыз қызметтің белгілері бар әлеуметтік желілер парақшаларының сілтемелері мен интернет-кеңістікте өткізілетін заңсыз ұтыс ойындарының түрлері туралы ақпаратты жедел түрде жеткізе алады", - делінген хабарламада.
Мәселен, "Ойын бизнесі туралы" Заңға сәйкес Қазақстандағы казино мен букмекерлік кеңселерге министрліктің лицензиясы негізінде Алматы және Ақмола облысында орналасқан екі ойын аймағының аумағында ғана қызмет ету рұқсат етілген.
Осы талаптар сақталмаған кезде заң бұзушыларға қатысты 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру, қылмыстық табыстың жиырма еселенген сомасына дейінгі мөлшерде айыппұл және мүлікті тәркілеу түрінде қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Бүгінгі күні министрліктің чат-ботына 100-ден астам өтініш келіп түсті. Сонымен қатар министрлік "Кибернадзор" ақпараттық жүйесін пайдалана отырып интернет желісінде заңға қайшы контентті таратуға қарсы күрес жүргізеді. 2023 жылы "Кибернадзор" ақпараттық жүйесіне интернет-казино қызметінің белгілері бар 8284 материал енгізілді, оның ішінде мазмұнды зерделеу қорытындысы бойынша 4459 сайт бұғатталды.