https://sputnik.kz/20240131/byltyr-qazaqstandyq-metallurgter-4-mln-tonna-bolat-ondirdi-41946639.html
Былтыр қазақстандық металлургтер 4 млн тонна болат өндірді
Былтыр қазақстандық металлургтер 4 млн тонна болат өндірді
Sputnik Қазақстан
305 мың тонна болат құбырлары өндірілген 31.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-31T21:16+0500
2024-01-31T21:16+0500
2024-01-31T21:16+0500
жоба
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/17/15547179_149:0:3790:2048_1920x0_80_0_0_9c0297c1a40efe04df0f563715dde206.jpg
АЛМАТЫ, 31 қаңтар - Sputnik. Еліміздің қара металлургия саласында өткен жылдың қорытындысы бойынша нақты көлем индексінде оң динамика байқалады, деп хабарлайды өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.Осы салада жылына 3 трлн тенгеден астам өнім өндіріліп, 5 млрд доллардан астам экспорттық табыс келеді, салада 50 мыңға жуық адам жұмыс орнымен қамтылған.Негізгі өндірілетін өнімдер: болат, ферроқорытпалар және құрылыста, машинажасау, энергетика, көлік саларында қолданатын болаттан жасалған өнімдер шығарылады.2023 жылдың қорытындысы бойынша елімізде негізгі өнімдерден:Сонымен қатар, өткен жылы Тараз қаласында қуаттылығы 300 мың тонна арматура өндіретін жоба іске қосылды, жоба елімізге импортталатын арматураның көлемін азайтуға үлесін қосады.Биыл екі ірі ферросилиций өндіретін жаңа жобалар іске қосылады деп жоспарлануда. Екі жобаның жалпы өндірістік қуаттылығы 330 мың тоннаны құрайды.Министрлік тарапынан саладағы кәсіпорындардың өндірістік жүктемесі мен өндірістік көрсеткіштері ай сайын талданады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/17/15547179_604:0:3335:2048_1920x0_80_0_0_6200c6f9b3cf849d96a0062d8b62b905.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жоба
Былтыр қазақстандық металлургтер 4 млн тонна болат өндірді
305 мың тонна болат құбырлары өндірілген
АЛМАТЫ, 31 қаңтар - Sputnik. Еліміздің қара металлургия саласында өткен жылдың қорытындысы бойынша нақты көлем индексінде оң динамика байқалады, деп хабарлайды өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.
Осы салада жылына 3 трлн тенгеден астам өнім өндіріліп, 5 млрд доллардан астам экспорттық табыс келеді, салада 50 мыңға жуық адам жұмыс орнымен қамтылған.
Негізгі өндірілетін өнімдер: болат, ферроқорытпалар және құрылыста, машинажасау, энергетика, көлік саларында қолданатын болаттан жасалған өнімдер шығарылады.
2023 жылдың қорытындысы бойынша елімізде негізгі өнімдерден:
4 млн тоннаға жуық болат;
2 млн 74 мың тонна ферроқорытпалар;
2 млн 400 мың тонна болаттан жасалған жалпақ прокат;
896 мың тонна құрылысқа арналған арматура;
305 мың тонна болат құбырлары өндірілді.
Сонымен қатар, өткен жылы Тараз қаласында қуаттылығы 300 мың тонна арматура өндіретін жоба іске қосылды, жоба елімізге импортталатын арматураның көлемін азайтуға үлесін қосады.
Биыл екі ірі ферросилиций өндіретін жаңа жобалар іске қосылады деп жоспарлануда. Екі жобаның жалпы өндірістік қуаттылығы 330 мың тоннаны құрайды.
Министрлік тарапынан саладағы кәсіпорындардың өндірістік жүктемесі мен өндірістік көрсеткіштері ай сайын талданады.