Астанаға кірер жолдарға блокпост қажет пе – ІІМ басшысы не ойлайды

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуАрхивное фото сотрудника дорожной полиции
Архивное фото сотрудника дорожной полиции - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.01.2024
Жазылу
Бұған дейін елордалық мәслихаттың депутаты Азамат Айтхожин Астанаға сапасыз өнім кіргізбеу және көші-қонды тежеу үшін кіреберісте блокбекет қоюды ұсынған болатын
АСТАНА, 31 қаңтар – Sputnik. Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Астана мәслихаты депутатының елордаға кірер жолдарға блокпост қою туралы ұсынысына жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министр азаматтар қазір еркін жүріп-тұратынын, сондықтан Астанаға кіруді шектеу – қажетсіз дүние екенін атап өтті.
"Біздің қалаға кіретіндерді жедел бақылап тұруға қауқарымыз жетеді. Заңбұзушылар туралы да ақпарат аламыз, бұл үшін күшіміз бен құралдарымыз бар. Сол себепті блокбекеттерге қажеттілік жоқ. Бұған дейін орнатылған блокпостарды біз алып тастадық, қазір негізгі жолдарда ғана қалды. Ал қаланы жабудың мәнін көріп тұрған жоқпын", - деді Сәденов мәжіліс кулуарында.
Бұған дейін елордалық мәслихаттың депутаты Азамат Айтхожин Астанаға сапасыз өнім кіргізбеу және көші-қонды тежеу үшін кіреберісте блокбекет қоюды ұсынған болатын.
Жаңалықтар
0