Астана әуежайында ұшақтардың түнде ұшып-қонуына шектеу қойылады

© Sputnik / Алексей Бабушкин / Медиабанкке өтуАэропорт Астаны
Аэропорт Астаны - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.01.2024
Жазылу
Бұл шара әуежай ұсынатын қызметтердің сапасына кері әсер етпейді
АСТАНА, 31 қаңтар – Sputnik. Биыл 1 мамырдан бастап елорда әуежайының ұшу-қону жолағына күрделі жөндеу жүргізуге байланысты шектеулер енгізіледі. Бұл туралы әуежайдың қызметі хабарлады.
Астана қаласының әуежайын толық жаңғыртуға байланысты дайындық жалғасуда. Оның шеңберінде көлік министрлігі елорда әуежайы басшылығымен бірлесіп, отандық және шетелдік әуе компаниялардың өкілдерімен кеңес өткізді.

"Бірқатар келіссөздердің, ауа райы болжамының, әуежайдың әртүрлі уақыт аралығындағы жүктемесін зерделей келе, жолаушылар үшін туындайтын қолайсыздық салдарын азайту мақсатында түнгі уақытта күрделі жөндеу жүргізу туралы шешім қабылданды. Осылайша, 2024 жылғы 1 мамырдан 24 желтоқсанға дейін жергілікті уақыт бойынша сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін Астана қаласының әуеайлағында әуе кемелерінің ұшып-қонуына шектеу қойылады", - деп жазылған ресми хабарламада.

Әуежай әкімшілігінің мәліметінше, бұл шара әуежай ұсынатын қызметтердің сапасына кері әсер етпейді. Әуежайдың қазіргі ұшу-қону жолағы 20 жылдан астам уақыт бұрын пайдалануға берілген.
Жаңалықтар
0