https://sputnik.kz/20240130/samuryq-energo-aqmola-oblysynda-zhylu-elektr-ortalygyn-salady-41923366.html
"Самұрық-Энерго" Ақмола облысында жылу электр орталығын салады
"Самұрық-Энерго" Ақмола облысында жылу электр орталығын салады
Sputnik Қазақстан
Бқл өңірдегі электр және жылу тапшылығын жоюға мүмкіндік береді 30.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-30T21:11+0500
2024-01-30T21:11+0500
2024-01-30T21:11+0500
ақмола облысы
жылу электр орталығы
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/1b/39691382_0:66:1280:786_1920x0_80_0_0_065aa079e2522963e16d2b00cd8ffd2c.jpg
АСТАНА, 30 қаңтар – Sputnik. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов пен "Самұрық-Энерго" АҚ басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтовпен "Көкшетау қаласында жылу электр орталығының құрылысы" жобасын жүзеге асыру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды облыстық әкімдік.Кездесуде тараптар жобаның жобаланған техникалық-экономикалық негіздемесінің нәтижелеріне тоқталды. Қаланы жылумен жабдықтаудың схемасын өзгерту қажеттігін айтты. Олар осы өңірдің электр мен жылу қуаты тапшылығын жою міндетіне тоқталып өтті.Өңір басшысы энергетикалық жобаның тұрғындардың жайлылығы үшін ғана емес, сонымен қатар өңір экологиясы үшін де маңыздылығын атап өтті.Еске сала кетейік, Қазақстан мен Ресей арасында жасалған меморандумды іске асыру мақсатында 2023 жылғы 26 желтоқсанда еліміздің үш қаласында үш жылу электр орталығын салу жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Оның біреуі Көкшетауда салынады. Жобаны іске асырудың құқықтық, техникалық және қаржылық аспектілері егжей-тегжейлі пысықталды.Сонымен қатар, кездесуде болашақ жылу электр орталығын орналастыру, сондай-ақ қажетті жабдықтау инфрақұрылымы мәселелері талқыланды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен жұмыс тобын құруға және осы жобаны жүзеге асыру жөніндегі жол картасын бекітуге уағдаласты.
ақмола облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/1b/39691382_72:0:1208:852_1920x0_80_0_0_8ac4854b669cb4b06f0ba58fce0374ce.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақмола облысы, жылу электр орталығы
ақмола облысы, жылу электр орталығы
"Самұрық-Энерго" Ақмола облысында жылу электр орталығын салады
Бқл өңірдегі электр және жылу тапшылығын жоюға мүмкіндік береді
АСТАНА, 30 қаңтар – Sputnik. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов пен "Самұрық-Энерго" АҚ басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтовпен "Көкшетау қаласында жылу электр орталығының құрылысы" жобасын жүзеге асыру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды облыстық әкімдік.
Кездесуде тараптар жобаның жобаланған техникалық-экономикалық негіздемесінің нәтижелеріне тоқталды. Қаланы жылумен жабдықтаудың схемасын өзгерту қажеттігін айтты. Олар осы өңірдің электр мен жылу қуаты тапшылығын жою міндетіне тоқталып өтті.
Өңір басшысы энергетикалық жобаның тұрғындардың жайлылығы үшін ғана емес, сонымен қатар өңір экологиясы үшін де маңыздылығын атап өтті.
"Жыл сайын Көкшетау қаласы белсенді дамып келеді, тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде, көп қабатты үйлер, кәсіпорындар мен әлеуметтік объектілер салынған жаңа кварталдар пайда болуда. Қазіргі уақытта, қалада аудандық қазандықтар өндіретін қуат жеткіліксіз. Жылу электр орталығының салынуы халықты ыстық сумен қамтамасыз етіп, электр қуатын үнемдеуге мүмкіндік береді", – деді Ахметжанов.
Еске сала кетейік, Қазақстан мен Ресей арасында жасалған меморандумды іске асыру мақсатында 2023 жылғы 26 желтоқсанда еліміздің үш қаласында үш жылу электр орталығын салу жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Оның біреуі Көкшетауда салынады. Жобаны іске асырудың құқықтық, техникалық және қаржылық аспектілері егжей-тегжейлі пысықталды.
Сонымен қатар, кездесуде болашақ жылу электр орталығын орналастыру, сондай-ақ қажетті жабдықтау инфрақұрылымы мәселелері талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен жұмыс тобын құруға және осы жобаны жүзеге асыру жөніндегі жол картасын бекітуге уағдаласты.