Қуантыров зейнетақы қорынан алынған ақша жайлы: айналымда болуы керек

© Sputnik / Абзал КалиевТенге, монеты
Тенге, монеты - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.01.2024
Жазылу
Министрдің айтуынша, қаражат инфрақұрылымдық жобаларға бағытталады
АСТАНА, 30 қаңтар – Sputnik. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров ""Бәйтерек" холдингінің облигацияларына салынған БЖЗҚ-ның 173 млрд теңгесі қайда жұмсалатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"БЖЗҚ "Бәйтерек" облигацияларын бірінші рет сатып алып тұрған жоқ. Зейнетақы ақшасы айналымда болуы керек және сенімді қаржы құралдарына инвестициялануға тиіс. Соның ішінде 100% кепілдік берілген мемлекеттік бағалы қағаздар, 100% үкіметке немесе мемлекетке тиесілі квазимемлекеттік бірлестіктердің облигациялары бар. Соның бірі "Бәйтерек", ол табыс әкеледі. Бұл инвестиция – сенімді", - деді Қуантыров үкіметте өткен брифингте.
Министрдің айтуынша, қаражат инфрақұрылымдық жобаларға бағытталады. Атап айтқанда, жолаушылар және жүк вагондарын сатып алу жоспарланған. Қуантыров вагондар бүгінде өте қатты қажет екенін атап өтті.
"Жүк және жолаушылар вагондарының тозу деңгейі 50%-тен 70%-ке дейін құрайды. Оларды отандық жеткізушілер жеткізеді, яғни ақша экономикада қалады. Шын мәнінде мұның пайдалы әсері үлкен. Жұмыс орындары құрылады", - деді ведомство басшысы.
Бұған дейін Ұлттық банк Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингінің облигацияларына 173 миллиард теңге инвестиция салатыны хабарланды.
Жаңалықтар
0