Қарағанды әкімдігі тұрғындардан пәтерлеріндегі газ баллондары туралы хабарлауды сұрады

© Photo : ДЧС Жетысуской областиВзорвавшийся газовый баллон
Взорвавшийся газовый баллон - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.01.2024
Жазылу
Айта кетейік, облыста газ баллоны жарылып, екі адам қаза тапты
АСТАНА, 30 қаңтар — Sputnik. Қарағанды облысының әкімдігі тұрғындарды тұрмыстық газды пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.
Облыстық әкімдіктің хабарлауынша, екі қабаттан жоғары тұрғын үйлерде газ баллондарына тыйым салынады. Бұл ережені бұзғандарға 7 АЕК (25 844 теңге) мөлшерінде айыппұл қарастырылған, тағы да қайталанған жағдайда – 10 АЕК (36 920 тг).
"Көпқабатты тұрғын үйде газ баллонын көрсеңіздер 8(7212) 42 11 05 (тұрғын үй инспекциясы бөлімі) немесе 112 нөміріне қоңырау шалыңыздар. Газдың шығып кетуіне байланысты авариялық жағдайлар туындаған жағдайда 104 ("AlemGaz" ЖШС орталық авариялық-диспетчерлік қызметі), 101 немесе 112 телефондары бойынша хабарласыңыздар", – деп облыс тұрғындарына таратылған хабарламада.
Баспасөз қызметі атап өткендей, өрт қауіпсіздігі туралы ақпарат тарататын рейдтер, акциялар үнемі өткізіліп тұрады. Тұрғындар үшін өртке қарсы нұсқаулықтар ұйымдастырылып, жаднамалар таратылады. Өткен жылы 92 мыңнан астам ауланы аралап, 300 мыңға жуық адам қамтылды.
Тұрғындар үшін қауіпсіздік ережелері:
екі қабаттан асатын тұрғын үйлерде газ баллондарын пайдаланбау;
үй-жайларды өз бетінше газдандыруды, газ аспаптарын, баллондарды және бекіту арматурасын ауыстыруды және жөндеу жұмыстарын жүргізбеу;
жұмыс істеп тұрған газ құрылғыларын қараусыз қалдырмау;
газдың шығып кетуін тексеру үшін ашық отты пайдаланбау - мұны сабынды сумен жасау;
балаларға газ құралдарын пайдалануға жол бермеу және оларды қараусыз қалдырмау.
Жаңалықтар
0