Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтың ірі арсеналы табылды

© Photo : Департамент полиции Жамбылской областиархив
архив - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.01.2024
Жазылу
Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтың ірі арсеналы табылды
АСТАНА, 30 қаңтар – Sputnik. Алматы қаласында қару-жарақтың ірі арсеналы табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.
Жасырын жерден "Калашников" автоматтары, тапаншалар мен мылтықтарды қоса алғанда 30 бірлік қару-жарақ, сондай-ақ 5 граната, 10 түтіндету құтысы және әртүрлі калибрдегі 221 патрон шықты.
"Алдын ала деректер бойынша, табылған қару қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған", - дейді комитет мамандары.
Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Визит президента РФ В. Путина в Казахстан - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.01.2024
Тоқаев қаңтар оқиғасы кезінде ҰҚШҰ-ға жүгіну себебін айтты
Жаңалықтар
0