Биыл 60 мыңға жуық бизнес жобаға мемлекеттік қолдау көрсетіледі

© Sputnik / Санат ИмангалиевЗаседание правительства Казахстана
Заседание правительства Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.01.2024
Жазылу
2030 жылға қарай шағын және орта бизнестің жалпы ішкі өніміндегі үлесі 40%-ке дейін өсуі керек.
АСТАНА, 30 қаңтар – Sputnik. "Таза парақтан" реформасының нәтижесінде қазақстандық кәсіпкерлер үшін 9 мың артық талап алынып тасталды. Тағы 1 мыңға жуығы бизнесті жүргізу жөніндегі заң жобасы шеңберінде алынады, деп мәлімдеді Әлихан Смайылов.
В Казахстане к проверкам бизнесменов будут подключать искусственный интеллект
Оның айтуынша, қазіргі уақытта шағын және орта бизнестің жалпы ішкі өніміндегі үлесі 36,5%-ке дейін өсті.
Қабылданған шаралардың қатарында салықтық ынталандыру аясында былтырдан бері енгізілген 4%-дық ставкамен бөлшек салық режимі бар.
"Еңбекақы төлеу қорынан бірыңғай төлем енгізілгеннен бастап микро және шағын бизнеске жалпы қаржылық жүктеме 34,5%-тен 20%-ке дейін төмендеді", - деп атап өтті Смайылов.
Үкімет басшысы кәсіпкерліктің дамуына не кедергі келтіріп отырғанын нақтылады.
Әкімдіктер бизнестің базалық инфрақұрылымға қосылу бойынша өсіп келе жатқан қажеттілігін игере алмай отыр. Өңірлер жоспарланған жобаларды уақытылы пайдалануға беру үшін инженерлік желілер мен коммуникацияларды жеделдетіп жүргізулері қажет.
Сонымен қатар Үкімет басшысы шағын дәне орта бизнестің әрі қарай дамуы үшін салық салудың сервистік моделіне көшуді қамтамасыз ету қажет екенін атап өтті. Онда бизнеске қолдау көрсетуге көбірек назар аударылады.
"Ұлттық экономика министрлігіне қосылған құн салығын қайтару мерзімін қысқарту үшін оны әкімшілендіру тәсілдерін қайта қарау тапсырылды", - деп атап өтті үкімет басшысы.
Сондай-ақ өңдеу өнеркәсібіндегі жаңа жобаларға серпін беру үшін нормаларды пысықтауды жеделдетіп, кейбір салықтардан 3 жыл босата тұру қажет деп санайды Смайылов.
"Салықтардың санын 20%-ке, ал салық жөнінде есеп беру нысандарын 30%-ке қысқарту керек", — деді Әпремьер-министр.
Премьер-Министрдің айтуынша, жүйе құраушы ірі кәсіпорындардың айналасында отандық кәсіпкерліктің жұмыс істеуі үшін жағдай жасалуы тиіс.
Жаңа өндірістерді локализациялауға және оларды ашуға ықпал ететін оффтейк-келісімшарттарды белсендірек пайдаланған жөн. Өз кезегінде, офсеттік шарттарды қолдану технологиялар трансфертіне және қосымша инвестиция тартуға ықпал етеді.
"Өнеркәсіп министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірге осындай ұзақ мерзімді шарттар жасауға қолдау көрсету шараларын пысықтауы қажет", — деді үкімет басшысы.
Ол биылдан бастап бақылау мен қадағалау салаларында тәуекелдерді басқарудың автоматтандырылған жүйесі іске қосылғанын еске салды. Оның нәтижесінде бизнесті жоспарлы тексеру мен кәсіпкерлерді жауапқа тарту жағдайлары біршама қысқарады.
"Осы арқылы бизнес әкімшілік жүктеменің төмендегенін сезіну керек", — деп атап өтті премьер-министр.
Жаңалықтар
0