https://sputnik.kz/20240130/askerilerge-beriletin-turgyn-uy-toleminin-biryngay-molsherin-anyqtau-usynyldy-41918906.html
Әскерилерге берілетін тұрғын үй төлемінің бірыңғай мөлшерін анықтау ұсынылды
Әскерилерге берілетін тұрғын үй төлемінің бірыңғай мөлшерін анықтау ұсынылды
Sputnik Қазақстан
Қазір тұрғын үй төлемдерінің мөлшері өңірлердегі баспананы жалға алу құнына байланысты 30.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-30T16:02+0500
2024-01-30T16:02+0500
2024-01-30T16:06+0500
әскери қызметкер
https://sputnik.kz/img/1042/55/10425583_0:100:1921:1180_1920x0_80_0_0_d4b4216731a5f2aabca33d998111b7a2.jpg
АСТАНА, 30 қаңтар – Sputnik. Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерге берілетін тұрғын үй төлемдерінің бірыңғай мөлшерін заңмен айқындауды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштері Бас штабының бастығы Сұлтан Қамалетдиновтың айтуынша, қазіргі таңда тұрғын үй төлемінің мөлшері әскери қызметші қызмет өткеретін тиісті өңірдегі баспананы жалға алу құнына байланысты айқындалады.Оның айтуынша, қазір әскери бөлімдер мен бөлімшелердің көпшілігі ірі қалалардан алыс орналасқан. Осыған байланысты әскери қызметшілер орташа мөлшерден төмен тұрғын үй төлемдерін алады."Мұндай тәсіл әскери қызметшілерге тұрғын үйге құқығын бірдей пайдалануға мүмкіндік бермейді, олардың төлем мөлшері жоғары қалаларға көшуіне үшін алғышарт жасайды. Осы мақсатта тұрғын үй заңнамасына тиісті өзгерістер енгізу қажет. Онда елдегі статистикалық деректердің орташа деңгейі бойынша ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің бірыңғай мөлшерін айқындау қажет", – дейді қорғаныс министрінің бірінші орынбасары.Айтуынша, бұл шалғайдағы гарнизондарда қызмет ететін әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері арасындағы әлеуметтік шиеленісті азайтуға мүмкіндік береді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1042/55/10425583_106:0:1813:1280_1920x0_80_0_0_435ada544ed22c48d783c955ae8434e3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әскери қызметкер
Әскерилерге берілетін тұрғын үй төлемінің бірыңғай мөлшерін анықтау ұсынылды
16:02 30.01.2024 (жаңартылды: 16:06 30.01.2024) Қазір тұрғын үй төлемдерінің мөлшері өңірлердегі баспананы жалға алу құнына байланысты
АСТАНА, 30 қаңтар – Sputnik. Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерге берілетін тұрғын үй төлемдерінің бірыңғай мөлшерін заңмен айқындауды ұсынды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштері Бас штабының бастығы Сұлтан Қамалетдиновтың айтуынша, қазіргі таңда тұрғын үй төлемінің мөлшері әскери қызметші қызмет өткеретін тиісті өңірдегі баспананы жалға алу құнына байланысты айқындалады.
"Сондықтан кейбір өңірлерде ағымдағы тұрғын үй төлемінің мөлшері бір адамға 33 мың теңгені, ал басқаларында 96 мың теңгеге дейін жетеді. 19 өңірде бұл төлемнің мөлшері орташадан төмен (84 мың теңге) және бір өңірде орташадан жоғары", – дейді Қамалетдинов мәжіліс комитетінің әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыру туралы отырысында.
Оның айтуынша, қазір әскери бөлімдер мен бөлімшелердің көпшілігі ірі қалалардан алыс орналасқан. Осыған байланысты әскери қызметшілер орташа мөлшерден төмен тұрғын үй төлемдерін алады.
"Мұндай тәсіл әскери қызметшілерге тұрғын үйге құқығын бірдей пайдалануға мүмкіндік бермейді, олардың төлем мөлшері жоғары қалаларға көшуіне үшін алғышарт жасайды. Осы мақсатта тұрғын үй заңнамасына тиісті өзгерістер енгізу қажет. Онда елдегі статистикалық деректердің орташа деңгейі бойынша ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің бірыңғай мөлшерін айқындау қажет", – дейді қорғаныс министрінің бірінші орынбасары.
Айтуынша, бұл шалғайдағы гарнизондарда қызмет ететін әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері арасындағы әлеуметтік шиеленісті азайтуға мүмкіндік береді.