Әлем

Ыстанбұлдағы шіркеуде атыс болды: полиция 47 адамды ұстады

© AFP 2024 / OZAN KOSEШіркеудегі атыс
Шіркеудегі атыс - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.01.2024
Жазылу
ІІМ басшысының айтуынша, шабуыл жасағандардың екеуі – шетелдіктер
АСТАНА, 29 қаңтар – Sputnik. Ыстанбұл полициясы католиктер шіркеуіне жасалған шабуылды ұйымдастырды деген күдікпен 47 адамды ұстады. Атыс салдарынан Түркия азаматы қаза тапты.
Елдің ішкі істер министрі Әли Ерликайдың айтуынша, католиктер шіркеуіне қарулы шабуыл жасаған екі күдікті – шетелдіктер, оның біреуі – ресейлік.
Жексенбі күні таңертең бетперде киген қаруланған екі адам Ыстанбұлдағы шіркеуге шабуыл жасады. Атыс салдарынан бір адам көз жұмды.
Түркиялық БАҚ ақпаратынша, шабуылды Қазақстан мен Ресейде тыйым салынған "Ислам мемлекеті" (ИГ, ИГИЛ) террористік тобы өз мойнына алған.
Екі күдікті сол күні кешке ұсталды.
"Шіркеуге шабуыл жасалған соң, полиция бірден ірі операция бастады. Жексенбіде 30 мекенжай бойынша 47 адам ұсталды", - деді ІІМ басшысы брифингте.
Терактіні тікелей орындағандар 22.00-де (Астана уақытымен 01.00) тұтқындалды.
"Олар шетелдіктер: біреуі – Тәжікстан азаматы, екіншісі – ресейлік. Болжам бойынша екеуі де "Ислам мемлекетінің" мүшелері", - деп мәлімдеді министр.
Оның айтуынша, ұсталғандардың бәрінен жауап алынады.
Жаңалықтар
0