Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украинаның әскери бөлімінде құны 1,3 млн доллар болатын заң бұзушылық фактілері анықталды

© Photo : Сайт минобороны РФРасчеты ОТРК "Искандер-М" ВВО
Расчеты ОТРК Искандер-М ВВО  - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.01.2024
Жазылу
АЛМАТЫ, 29 қаңтар - Sputnik. Украинаның қорғаныс министрлігі тексеру барысында украиналық әскери бөлімдердің бірінде 1,3 миллион долларға азық-түлік жеткізуде заң бұзушылықтарды анықтады. Бұл туралы министрлік басшысы Рүстем Умеров айтты, деп хабарлайды Риа Новсти.
Ол бұған дейін ел аймақтарындағы әскери комиссариаттарды жоспардан тыстексеру кезінде көптеген заң бұзушылықтыанықтағанын айтқан.
"Министрлік командасы әскери бөлімдердегі азық-түлік қоймаларын жоспардан тыс тексеріп жатыр. 50 миллион гривеннен (1,3 миллион доллар) артық сомаға азық-түлік жеткізілмегенін анықтады. Өткен аптадағы тексеру нәтижелері бойынша қорғаныс министрлігі кейбір әскери бөлімдерге жеткізушіні ауыстырды", - деп жазды Умеров әлеуметтік желіде.
Украинаның бас прокуроры Андрей Костин қаңтар айының басында Украинада өткен жылы әскери есеп саласындағы сыбайлас жемқорлыққа байланысты 220 қылмыстық іс басталғанын, бұл 2022 жылғы көрсеткіштен төрт есе артық екенін, сондай-ақ қорғаныс министрлігінің жеті шенеунігіне қарсы іс қозғалғанын мәлімдеді.
Бұған дейін Украинаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық агенттігінің басшысы Александр Новиков елде барлық деңгейдегі әскери комитеттердің басшыларын сыбайлас жемқорлыққа тексеру басталғанын мәлімдеді. Тексерудің алдын-ала нәтижелері көңіл көншітпейді, деді Владимир Зеленский.
Украинаның мемлекеттік тергеу бюросы әскери комиссариат қызметкерлері жағдайды теріс пайдаланды деген күдікпен 110-нан астам істі тергеп жатқанын хабарлады. Әскери комитеттерді тексеру бірқатар атышулы сыбайлас жемқорлық жанжалдарынан кейін басталды. Атап айтқанда, Одесса облысының әскери қызметкері Евгений Борисов ұсталды. "Украинская правда" басылымының хабарлауынша, ол Украинадағы Ресейдің арнайы операциясы кезінде Испания жағалауында миллиондаған долларлық вилла, кеңсе және бірнеше көлік сатып алған.
Украинада 2022 жылдың 24 ақпанынан бастап әскери жағдай режимі енгізілді, келесі күні Зеленский жалпыға бірдей моблильдеу туралы жарлыққа қол қойды. Украинадан 18 бен 60 жас аралығындағы ер адамдардың әскери жағдай кезеңінде кетуіне тыйым салынды. Әскерге шақыру қағазы кез келген жерде таратылды.
Жаңалықтар
0