Қырымда шабуыл жасаған барлық диверсанттар ұсталды

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуНашивка на рукаве сотрудника полиции в России
Нашивка на рукаве сотрудника полиции в России - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.01.2024
Жазылу
Республикада 2022 және 2023 жылдары көлік және энергетикалық инфрақұрылым объектілерінде бірнеше диверсия жасалды, зардап шеккендер болған жоқ
АСТАНА, 28 қаңтар - Sputnik. Қырымда түбекте шабуыл жасаған барлық диверсанттар ұсталды, деді республика басшысы Сергей Аксенов "Вести-Қырым" телерадиокомпаниясының эфирінде.
"Террорлық шабуылдар жасаған барлық топтар ұсталды. Теміржолды бұзғандардың бәрі және тағы басқалар қолға түсті", - деді ол.
Аксеновтвң айтуынша, Қырымда диверсанттарды тек қатаң жаза қолданылады.
Республикада 2022 және 2023 жылдары көлік және энергетикалық инфрақұрылым объектілерінде бірнеше диверсия жасалды, зардап шеккендер болған жоқ.
Сонымен қатар Украинаның арнайы қызметтерінің тапсырмасы бойынша әрекет еткен және республика басшыларын физикалық жоюды жоспарлаған диверсиялық топтардың қатысушылары ұсталды.
Желтоқсан айында ФСБ директоры Александр Бортников Киев әскери сәтсіздіктер кезінде Ресейге тыңшылар мен диверсанттарды белсенді түрде жібере бастағанын, сондай-ақ "біздің территориямыздағы адамдармен, олар айтқандай, тылда бізге зиян келтіру үшін" байланыс орната бастағанын айтты.
Ол ФСБ мұндай адамдарды белсенді түрде анықтап жатқанын айтты. Бортниковтың айтуынша, алдын-ала әрекет ету де мүмкін. Ведомство директоры бұл жұмыстың көптеген нәтижелері әлі жария етілмейтінін, бірақ олар туралы кейінірек хабарланатынын айтты.
Жаңалықтар
0