https://sputnik.kz/20240129/qyrgyzstan-prezidenti-resmi-saparmen-qazaqstanga-keledi-41903492.html
Қырғызстан президенті ресми сапармен Қазақстанға келеді
Қырғызстан президенті ресми сапармен Қазақстанға келеді
Sputnik Қазақстан
Бұл туралы Қазақстан мен Қырғыз Республикасы сыртқы істер министрлерінің кездесуінде белгілі болды 29.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-29T20:16+0500
2024-01-29T20:16+0500
2024-01-29T20:16+0500
бішкек
қырғызстан
президент
ресми сапар
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/0d/39345059_0:160:3072:1888_1920x0_80_0_0_573203fc8131eb7caed8132d9751241b.jpg
АСТАНА, 29 қаңтар — Sputnik. Қырғызстан президенті Садыр Жапаров ресми сапармен Қазақстанға келеді, деп хабарлайды Kabar агенттігі.Бұл туралы Қазақстан мен Қырғыз Республикасы сыртқы істер министрлерінің кездесуінде белгілі болды.Айта кетейік, Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Бішкекте жүр.Қырғыз Республикасы сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, биыл екі елдің үкімет басшыларының төрағалығымен қырғыз-қазақ үкіметаралық комиссиясының отырысы өтеді."Тараптар Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың 2021 жылғы наурыздағы Қазақстанға мемлекеттік сапары және Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы мамырдағы Қырғызстанға ресми сапары шеңберінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударды", - деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.Өзара инвестицияларды тарту, көлік және логистика, энергетика, су ресурстары, цифрландыру салаларында, оның ішінде бірлескен жобаларды пысықтау және іске қосу жолымен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аударылды.Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қырғызстанның сыртқы саяси ведомстволары арасындағы 2024-2026 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылды.
бішкек
қырғызстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/0d/39345059_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_3286e7fc227d8be8838a495295dc100e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бішкек, қырғызстан, президент, ресми сапар
бішкек, қырғызстан, президент, ресми сапар
Қырғызстан президенті ресми сапармен Қазақстанға келеді
Бұл туралы Қазақстан мен Қырғыз Республикасы сыртқы істер министрлерінің кездесуінде белгілі болды
АСТАНА, 29 қаңтар — Sputnik. Қырғызстан президенті Садыр Жапаров ресми сапармен Қазақстанға келеді, деп хабарлайды
Kabar агенттігі.
Бұл туралы Қазақстан мен Қырғыз Республикасы сыртқы істер министрлерінің кездесуінде белгілі болды.
"Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 2024 жылы ресми сапармен Қазақстанға барады", - деп хабарлады Қырғызстанның сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаев.
Айта кетейік, Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Бішкекте жүр.
Қырғыз Республикасы сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, биыл екі елдің үкімет басшыларының төрағалығымен қырғыз-қазақ үкіметаралық комиссиясының отырысы өтеді.
"Тараптар Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың 2021 жылғы наурыздағы Қазақстанға мемлекеттік сапары және Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы мамырдағы Қырғызстанға ресми сапары шеңберінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударды", - деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Өзара инвестицияларды тарту, көлік және логистика, энергетика, су ресурстары, цифрландыру салаларында, оның ішінде бірлескен жобаларды пысықтау және іске қосу жолымен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аударылды.
Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қырғызстанның сыртқы саяси ведомстволары арасындағы 2024-2026 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылды.