Қазақстанда арқан тартыс федерациясы құрылды – келесі айда іріктеу жарыстары басталады

© Sputnik / Ксения ВоронинаНаурыз
Наурыз - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.01.2024
Жазылу
Арқан тартыс әлемнің 75 елінде ресми спорт ретінде тіркелген
АСТАНА, 29 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда арқан тартыс федерациясы құрылды. Осы ұйым Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына екі команданы дайындап шығарады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жаңадан құрылған федерация президенті – Еркебұлан Ілиясов, оның екі орынбасары да бар. Олар – даму бағыты бойынша вице-президенті Нұрлан Жабаев пен спорт жөніндегі вице-президент Бақдаулет Сәбитов. Ұйым Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойынына арқан тартыстан қатысатын ел құрамасын жасақтаумен айналысады. Осыған орай, келесі айдан бастап еліміздің 5 аймағында іріктеу жарыстары өтеді.
Жарыс ІІ кезеңнен тұрады. І кезең – аймақтық (орталық, солтүстік, шығыс, батыс, оңтүстік) іріктеу жарыстары, ІІ кезең – ақтық кездесулер (финал).
Әр аймақтық іріктеуде жеңімпаз атанған командалар ІІ кезеңге жолдама алады.
1) Орталық аймақтық іріктеу: Астана қаласында 13 ақпанда;
2) Солтүстік аймақтық іріктеу: Көкшетау қаласында 17 ақпанда;
3) Шығыс аймақтық іріктеу: Семей қаласында 20 ақпанда;
4) Батыс аймақтық іріктеу: Атырау қаласында 24 ақпанда;
5) Оңтүстік аймақтық іріктеу: Тараз қаласында 28 ақпанда;
6) Ақтық кездесулер (финал): Астана қаласында 6-7 наурыз күндері өтеді
Айта кетері, арқан тартыс әлемнің 75 елінде ресми спорт ретінде тіркелген. Халықаралық арқан тартыс федерациясы да бар.
Жаңалықтар
0