https://sputnik.kz/20240129/qazaqstan-reseylik-astyqtyn-tranzittik-tarifin-tomendetui-mumkin-41902210.html
Қазақстан ресейлік астықтың транзиттік тарифін төмендетуі мүмкін
Қазақстан ресейлік астықтың транзиттік тарифін төмендетуі мүмкін
Sputnik Қазақстан
Бұл шара ресейлік тараптың Вентспилс порты бағытында көмір мен темір рудасын тасымалдау тарифін төмендетуі үшін ұсынылып отыр 29.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-29T19:18+0500
2024-01-29T19:18+0500
2024-01-29T19:18+0500
астық
https://sputnik.kz/img/07e7/09/13/38579236_0:166:3053:1883_1920x0_80_0_0_387f0e71976ab65aeccd787e7713a5dc.jpg
АСТАНА, 29 қаңтар — Sputnik. Қазақстан билігі "Солтүстік-Оңтүстік" дәлізінің шығыс тармағы бойынша ресейлік астықты тасымалдау үшін ҚТЖ тарифтері бойынша коэффициентті төмендету мүмкіндігін қарастыруға дайын, деп хабарлайды "АПК жаңалықтары" агенттігі.Бұл шара ресейлік тараптың Вентспилс порты бағытында көмір мен темір рудасын тасымалдау тарифін төмендетуі үшін ұсынылып отыр. Бұл бастама Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия тең төрағаларының отырысында айтылды.Комиссия мүшелері экспорттық жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау кезінде өзара жеңілдіктер қолдану мүмкіндігін талқылады.Хабарламада көрсетілгендей, Ресей Федерациясындағы көмір мен темір рудасын тасымалдауға арналған қолданыстағы теміржол тарифі қазақстандық көмірді экспортқа жөнелту көлемінің ұлғаюын тежейді."Серік Жұманғарин ресейлік тарапқа Вентспилс порты бағытында көмір мен темір рудасын тасымалдау үшін Ресей темір жолдарының транзиттік тарифіне төмендету коэффициентін қолдану мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Қазақстан өз тарапынан "Солтүстік-Оңтүстік" дәлізінің шығыс тармағы бойынша ресейлік астықты тасымалдау үшін ҚТЖ тарифтері бойынша коэффициентті төмендету мәселесін қарауға дайын", - делінген хабарламада.Қазақстан үкіметінің мәліметінше, 2023 жылы Вентспилс портына (Латвия) жөнелтілген отандық қатты отын экспортының көлемі 2022 жылмен салыстырғанда 60%-ға, яғни 1,5 млн тоннаға қысқарды."Бұл еуропалық нарықтардағы көмірдің бір тоннасы бағасының орташа есеппен 350 доллардан 110 долларға дейін төмендеуіне және Ресей темір жолдарының қазіргі тарифтеріне байланысты, бұл қазақстандық экспорттаушылар үшін бәсекеге қабілетсіз жағдай туғызды", - делінген хабарламада.Ал, астық саудагерлері билікке ресейлік астықтың транзитіне тарифті көтеруді бірнеше рет ұсынған. Бұған Ресей астығын "жаулап" ала бастаған Орталық Азия нарығында қазақ астығының бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуі себеп болды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/13/38579236_82:0:2813:2048_1920x0_80_0_0_5346af89dd30f7f6684902bb76b2a4f0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астық
Қазақстан ресейлік астықтың транзиттік тарифін төмендетуі мүмкін
Бұл шара ресейлік тараптың Вентспилс порты бағытында көмір мен темір рудасын тасымалдау тарифін төмендетуі үшін ұсынылып отыр
АСТАНА, 29 қаңтар — Sputnik. Қазақстан билігі "Солтүстік-Оңтүстік" дәлізінің шығыс тармағы бойынша ресейлік астықты тасымалдау үшін ҚТЖ тарифтері бойынша коэффициентті төмендету мүмкіндігін қарастыруға дайын, деп хабарлайды
"АПК жаңалықтары" агенттігі.
Бұл шара ресейлік тараптың Вентспилс порты бағытында көмір мен темір рудасын тасымалдау тарифін төмендетуі үшін ұсынылып отыр. Бұл бастама Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия тең төрағаларының отырысында айтылды.
Комиссия мүшелері экспорттық жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау кезінде өзара жеңілдіктер қолдану мүмкіндігін талқылады.
Хабарламада көрсетілгендей, Ресей Федерациясындағы көмір мен темір рудасын тасымалдауға арналған қолданыстағы теміржол тарифі қазақстандық көмірді экспортқа жөнелту көлемінің ұлғаюын тежейді.
"Серік Жұманғарин ресейлік тарапқа Вентспилс порты бағытында көмір мен темір рудасын тасымалдау үшін Ресей темір жолдарының транзиттік тарифіне төмендету коэффициентін қолдану мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Қазақстан өз тарапынан "Солтүстік-Оңтүстік" дәлізінің шығыс тармағы бойынша ресейлік астықты тасымалдау үшін ҚТЖ тарифтері бойынша коэффициентті төмендету мәселесін қарауға дайын", - делінген хабарламада.
Қазақстан үкіметінің мәліметінше, 2023 жылы Вентспилс портына (Латвия) жөнелтілген отандық қатты отын экспортының көлемі 2022 жылмен салыстырғанда 60%-ға, яғни 1,5 млн тоннаға қысқарды.
"Бұл еуропалық нарықтардағы көмірдің бір тоннасы бағасының орташа есеппен 350 доллардан 110 долларға дейін төмендеуіне және Ресей темір жолдарының қазіргі тарифтеріне байланысты, бұл қазақстандық экспорттаушылар үшін бәсекеге қабілетсіз жағдай туғызды", - делінген хабарламада.
Ал, астық саудагерлері билікке ресейлік астықтың транзитіне тарифті көтеруді бірнеше рет ұсынған. Бұған Ресей астығын "жаулап" ала бастаған Орталық Азия нарығында қазақ астығының бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуі себеп болды.