Қарағанды облысында оқушылар радиация ошағында оқып жүр

© Sputnik / Ирина АдамоваШкола в здании бани
Школа в здании бани - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.01.2024
Жазылу
Мамандар радиация мөлшері жоғары болғандықтан оқу ордасының бірінші қабатында сабақ өткізбеуді ұсынған
АСТАНА, 29 қаңтар - Sputnik. Қарағанды облысына қарасты Ақшатау кентінің оқушылары жылдар бойы радиация ошағында оқып жүр, деп хабарлайды 24.kz.
Ескі шахтадан тараған радон білім ошағының жертөлесіне, ауылға жайылып тұрғындарға қауіп төндірген.
"Мұндағы үйлер мен әлеуметтік нысандарда радиоактивті заттың мөлшері қалыпты жағдайдан 2-3 есе көп. Ал мұның соңы қатерлі ісік пен басқа да аурулардың көбеюіне әкеліп соғуы мүмкін", - дейді мамандар.
Бұрын 10 мыңдай тұрғыны болған Ақшатауда казір мыңға жуық адам қалды. Мектепте 90-нан астам оқушы бар. Мамандар радиация мөлшері жоғары болғандықтан оқу ордасының бірінші қабатында сабақ өткізбеуді ұсынған. Сол себепті біраз кабинет жабық. Әсіресе қыста есік-терезе мен желдеткіштер жабылғанда улы газдың мөлшері тым көбейіп кетеді.
Жылдар бойы қордаланған мәселе биыл шешіле бастады. Мамандар білім ошағы ғимаратына 50 жерден арнайы өлшеу құралдарын қойып, радиация мөлшерін нақтылаған. Соның негізінде мектепке желдеткіштер орнатуға, күрделі жөндеу жұмыстарын істеуге сметалық құжат әзірленді.
Радонның мөлшері кабинеттерде, асханада, спорт залында, жертөледе, дәліздерде қанша екені толық зерттеліп, сараптама қорытындысын берді. Сараптама жасалған сметалық құжаты бар. Бұл 560 миллион теңгеге шығып тұр. Биыл 2024 жылы соның 60 миллионы бөлінді. Сол қаражатпен алғашқы жұмысты бастағалы отырмыз Шет ауданы білім бөлімінің басшысы Елдос Смағұл.
Ақшатауда 60 жыл бойы вольфрам мен молибден өндіріліп жабылып қалған. 2012 жылы шахтаға жақын орналасқан 18 үй басқа ауылдарға көшірілді. Себебі жерасты тиктоникалық жарықтарынан ауаға радон тараған. Ал бұл өте радиоактивті элемент. Мамандардың айтуынша үйлер мен ғимараттарда оның мөлшері 200 беккерельден, ал далада 100 беккерельден аспауы тиіс. Бірақ жүргізілген өлшемдер зиянды заттың 2-3 есе көп екенін көрсеткен.
"Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің жергілікті бөлім мамандары ол жерді назарда ұстауда. Әр тоқсан сайын морниторинг жүргізіліп тұрады. Мектепте сабақтарды өткізуге, оқуға рұқсат берілген. Себебі 2-і қабатта радон мөлшері шамадан тыс емес, нормаға сәйкес", - дейді санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми өкілі Айгүл Шәтекова.
"Радиация салдарынан қатерлі ісік, өзге де аурулар белең алуы мүмкін. Қазір жергілікті тұрғындар арасынан бір адам онкологиялық дертке шалдыққан. Сондықтан ауа мен су үнемі бақылауда болуы тиіс. Одан тыс шахта аумағын оқшаулап, үйлер мен ғимараттарды залалсыздандыру тұрақты жүргізілуі керек", - дейді мамандар.
Жаңалықтар
0